Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Арақ қоғам індеті
20 наурыз, 2019 жыл 368 Басып шығару нұсқасы

Ислам ғұламаларының ішіндегі жарық жұлдызы, ертедегі Мәуренаһр Самарқанд қаласынан шыққан Фақиh Абулайс АсСамарқандий hидаяттың қосшысы болған “Танбиhул Ғофилин” кітабында, Айша анамыздан (р.а.) бір Ғажап хадис келтірген Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم былай дейді: Кімде кім арақ ішушіге бір лұқма татырса, онда Алла тағала, ол адамның денесіне жылан мен шаянды тағайындайды (дүниеде осының шаққанынан немесе қабірде сонымен азапталады) енді кім арақ ішушінің бір қажетін өтесе, онда ол исламның жойылуына ат салысты. Ал енді кім оған қарыз берсе, мұсылманның өліміне ат салысты. Ал енді кім онымен бірге отырса, қиямет күні Алла оны соқыр және мәнсіз етіп тірілтеді. Сендер арақ ішушімен отаспаңдар, егер ол ауырса, халін сұрамаңндар, егер бір іске күалік етсе, күалігін қабыл алмаңдар Алланың атымен ант! Арақ ішуші Таурат, Інжіл, Забур және Құран кітаптарында малғүн болғандардан . Енді кім арақ ішсе, Алла тарапынан Пайғамдарларына түскенге күпір етті . Тек күпір қылған адам арақты өзіне рұxсат етеді. Енді кім арақты "рұxсат" деп шешсе, онда мен дүние және ахиретте одан бас тартамын. (Танбиһуль Ғофилин 187 )
Әлемдерге Рахмет болып келген, жүрегі мейірімге толы, үмметі үшін емешегі езілген, дүниедегі жол көрсетуші, ахиреттегі шапағатшымыздың өзі арақ ішушіге осындай қатаңдық танытып, қабақ шытқан. Басына тас атып,балағат сөздің астына алған кәпірдің өзіне раһматтін дұғасын сұраған Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم арақ ішкен адамның себебінен, тіпті мұсылман болса да, осындай ашуға мінген. Ей мұсылман қандасым! Кәпір адам надантықпен қылған ісі үшін раһматтың дұғасына қалса, сен арақтың арам екенін біле тұра ішу менен Алла және Пайғамбардың ашуына қалатыныңды ұмытпа. Алла бізді және бұл індеттен сақтасын?!

Қарағанды облыстық «Әнет баба»

мештінің ұстазы      Айбек Омар

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары