Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әдет – тағдырымызға қалай әсер етеді?
10 маусым, 2015 жыл 346 Басып шығару нұсқасы

privuchka-300x177Аллаға сену және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетін сақтау - міндетті парыздарды орындау ғана емес, мінез-құлықты үнемі шыңдау, адамның өз-өзімен жұмыс істеуі, жаны мен тәнін күтуі. Біздің әрқайсымыз шамамыз келгенше өз-өзімізбен жұмыс істейміз.


Кейде өмір жолымызға үңілгенде осы өмірде ештеңеге қол жеткізбегенімізді, айтарлықтай іс тындырмағанымызды, өз өмірімізден мән-мағына таппағанымызды көреміз. Жақсармақ боламыз, бірақ жыл өткен сайын жаман әдеттеріміздің көбейгенін байқаймыз. Денсаулығымызды сақтағымыз келеді, бірақ айына бір рет жаттығу жасап, спортпен шұғылданған боламыз да жыл өткен сайын аурушаң боламыз. Ашық-жарқын, сыпайы болғымыз келеді, бірақ уақыт өткен сайын «ә десе, мә деуді» көбейтеміз. Мұндай жайсыз жағдайдардың тізімін толассыз жалғастыра беруге болады. Неге бұлай?


Мынадай мәтел бар: Қылық қалыптастырсаң – әдет аласың, әдет қылсаң – мінез қалыптастырасың, мінез қалыптастырсаң – тағдырыңды анықтайсың. Мұның мағынасын түсіну қиын емес. Бізде әдет көп. Түрлі әдет бар. Мәселен үйге келе салып киім-кешекті жинамастан, тастай салып ұйқыға жату, тамақтанып болған соң ыдысты жумай кейінге қалдыру және сол сияқты тағысын тағылар. Жаман әдеттермен күресу үшін жақсы әдеттерді қалыптастыру қажет. Оған ниет, уақыт, төзімділік керек. Әр кез іштегі «істегім келмейдіні» жеңу қажет.


         Ал әдеттер адам тағдырын қалай анықтайды? Қалай әсер етеді? Адамның әр ісі, әр сөзі сияқты, әр әдет-дағдысы оның мінез-құлқынан, болмысынан хабар береді. Осыны әсте естен шығармаған абзал. Ыдыс жууға, киім жинауға қатысты айтылған әдеттер ең жеңілі, оңай түзеуге де болады. Ұқыпты болу, өз-өзін ұстай білу, сауатты сөйлеу, сергек жүру, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасаудың өзі адамның әдет-дағдысы. Осының бәрінен айналып келгенде адамның мінез-құлқы қалыптасады, болмысы көрінеді. Міне сондықтан да, әдет-дағы адам өмірінде, болашақ тағдырында ерекше орын алады. Үйдегі күнделікті кішігірім әдеттерін дұрыс қалыптастырып үйренген адам, өз болмысын тәрбиелейді, өмір салтын қалыптастырады. Сол себепті іштегі жалқаулықпен күресу, әркез жақсы әдеттерді жасауға тырысу адамды біршама қинағанымен, адам өмірінде пайдасы көп болмақ. Тек ниет пен төзімділік, сабыр керек бұған. Ендеше әрдайым өз мінін, өз кемшілігін, мінез-құлқын көркем етуге тырысатын мұсылманның Алланың алдында орыны ерек болатынын естен шығармайық.




Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары