Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ей, Алланың құлы! Рахметің қайда?
25 мамыр, 2015 жыл 396 Басып шығару нұсқасы

Дұға қандай жағдайда қабыл болады?Бүгін де адамдардың айтар шағымы, «бас ауыртып, батыр сыздатар» қайғысы көп. Бірінің жағдайы нашар, бірінің ақшасы жетпейді, бірінің әйелі жөнсіз, бірінің күйеуі жұмысбасты, балалар ата-анасына дауыс көтереді, көршілер жаман, ерінің машинасы жоқ, әпкенің үйі жақсырақ, ағасы бай тұрады, тағысын тағылар. Бірақ адамдар әлемдегі ең жақсы адамдар немен тамақтанып, қалай күн көргенін естеріне де алмайды....


Қазіргі таңда ең кедей деген жанның үйі Пайғамбардың (с.ғ.с) ең бай сахабасының үйінен жақсы. Ең кедей жанның дастарханындағы тамағы да, киім-кешегі де ауқатты деген сахабалардікінен артық.


Кім үш күн бойы нәр татпай жүріп көрді? Кім жыртық киіммен екі сағат жүреді қазір? Ешкім. Бай болмаса ба бәрінің өзіне жетер несібесі, дәулеті бар. Өзін-өзі қамтитын шамасы бар. Неге біз сонда жаратқан Аллаға үнемі соншалық шағым айтамыз? Біреуді қызғанамыз және одан да көп сұраймыз. Неге біз Алла Тағаланың қалауына разылық танытпаймыз?


Алла Тағала Мұхаммедтің үмбетіне қаншама нығмет берген. Алла бізге ұлық Пайғамбарды (с.ғ.с), ең жақсы кітап Құранды берді, ең жақсы үмбет етті. Пайғамбарымыздың заманында дін үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Сол кезде не Пайғамбар, не сахабалар шағым айтпаған. Қандай қиындық түссе де «Алла разылығы үшін» деп өздері де сабырлылық танытқан.


Әр адамның өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі де  - Алланың қалауымен болады! Соған әр адам келісуі, көтеруі, сабыр етуі керек.


Бізде ішер ас, киер киім бар. Жақсы өмір сүру үшін барлық мүмкіндіктер бар. Қанша ұйықтағымыз келсе сонша ұйықтаймыз, қыдырамыз, қызық көреміз, қалауымызша жүріп тұрамыз.


Ей Алланың құлы! Саған енді не керек? Сенің шүкірлігің қайда? Разылығың, алғысың қайда? Біз неге сонша рахметті, жақсылықты білмейміз? Алдыңғы қауымнан, Алланың сүйген құлдарынан артық па едік?


Қайда барамыз? Неге ұмтыламыз? Сондағы мақсатымыз не? Ей, Алланың құлы! Сенің разылығың Аллаға емес, Алланың разылығы саған керек! «Қазір 21 ғасыр ғой» деп көп жағдайға неге көз жұмамыз? Неге немқұрайдылық танытамыз? Әлде біздің ғасыр Алла елшісі өмір сүрген ғасырдан жақсы ма?


Ей Алланың құлдары! Мұхаммедтің үмбеті! Қанша дүниелік қиындық, қанша қатыгездік болса да сабыр, шыдам мен төзім, шүкір мен қанағат, қайырым мен жақсылықты ұмытпасақ екен!



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары