Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Саңырау мен көршісі
04 мамыр, 2015 жыл 155 Басып шығару нұсқасы
Саңырау мен көршісіҚұлағы естімейтін бір саңырау кісі болыпты. Бір күні оның көршісі ауырып қалып, қал-жағдайын сұрағысы келіпті. Бірақ естімейтін құлағыммен онымен қалай сөйлесемін деп ойланып, бір амалын тауыпты: Мен оның не айтқанын ести алмаймын, ауырып жатқасын дауысы да дұрыс шықпайды. Сондықтан шамамен не деп жауап беретінін алдын ала ойлап, ерні жыбырлаған кезде келесі сұрағымды қойып отырамын деп ойлап, дайындала бастапты.

«Көрші қалайсың» деймін. Ол маған «Жақсымын» деп жауап береді. Сосын «Аллаға шүкір» деймін де оның қандай тамақтар жеп жатқанын сұраймын депті. Ол да маған «шәрбат іштім, ыстық сорпа ішіп жатырмын» деп айтатын шығар. «Ас болсын» деймін де қай дәрігер емдеп жатқанын сұраймын депті. «Пәленше дәрігер емдеп жатыр» деп айтады, сосын мен «Иә, ол жақсы дәрігер. Тез сауығып кетесің» деп айтармын депті.

Осылайша іштей дайындалып алып, көршісіне барыпты:

— Қалайсың көрші?

— Жағдайым өте жаман, өлейін деп жатырмын.

— Аллаға шүкір болсын. Бұл сөздерге науқас көршісі ызаланып кетіпті.

— Қандай тамақтар жеп жатырсың?

— У ішіп жатырмын!

— Ас болсын, — депті саңырау адам. Бұған көршісі қатты ашуланса да қатты білдірмепті.

— Қай дәрігер емдеп жатыр?

— Кім болсын, Әзірәйіл емдеп жатыр!!!

— О! Ол деген керемет дәрігер ғой, дұрыс болған екен, — депті…

Басқа біреулердің алдын ала ойын оқу, олар үшін алдын ала жауап беру, дым да қылмайды деп жүре беру - адамдарды ренжітуге себеп болады. Біздің жолымыз — ешкімді ренжітпеу және ренжімеу жолы.

Ғаламтор желісінен алынған

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары