Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Басқаға көмектес – Алла саған көмектеседі!
19 шілде, 2019 жыл 79 Басып шығару нұсқасы

111874392798-e1317719582395-300x199Біреудің қажетіне жәрдем бер, Алла сенің қажетіңді береді. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) әрдайым адамдарға көмектескен. Алла Тағала: «Бір-біріңе жақсы істерде көмектесіңдер, бірақ жауластық пен жаман істерде бір-біріңе көмектеспеңдер»-дейді. Сондай-ақ Құранда: «…Екіжүзділік танытып, өзгелерге ұсақ-түйек істе көмектеспейді»-дейді.

 

Алла елшісі біреуге көмектескен адамның бірден Алламен байланысатынын айтқан: «Жаратылыс – бұл Алланың үйі және Алла үшін ең жақсы істер оның үйіне жақсылық жасау»-дейді. Барлық адамдар соның ішіне кіреді, бәрі Алланың жаратқан құлдары. Адам біреуге көмектескенде шынында Алламен байланысады.

 

 

Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Алла Тағала бауырының қажетін ашқандарға көмектесуде», «Алла Қиямет күні діндардың дүниелік қайғысын жеңілдеткен адамның қайғысын жеңілдетеді», «Басқаларға жақсылық жасау жаман өлімнен сақтайды»-деген. Демек мұқтаждарға көмектесудің өзі адамның ақыретіне пайдалы.

 

 

Алла елшісі өмірінің соңына дейін мұқтаждардың қажетін ашып, көмектесуден танбаған. Бірде базарға келгенде жас күң жүгіріп келіп өзінің ақшасын жоғалтып алғанын айтады. Сонда Пайғамбарымыз(с.ғ.с) барлық шаруасын тастап, жаңағы жас қыз баламен бірге жүріп қажет заттарын сатып алып береді. Содан кейін неге кешіккенін растау, қорғау үшін онымен бірге оның үйіне барған екен. Мұндай қасиет мәселен ибн Аббас, Хасан ибн Әли сынды көптеген сахабаларға да тән болған. Бұл олардың өмірдегі сүйікті ісі болған. Оларды сеебі бұған Пайғамбарымыз(с.ғ.с) үйреткен-ді және олар әрдайым Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) жолынан жаңылмауға тырысқан.

 

 

Біздің айналамызда көмекке мұқтаж қаншама жан бар. Мәселен тіпті базардан сөмкесін көтре алмай келе жатқан әйел адамның өзіне сөмкесін көтерісіп жіберудің өзі көмек. Әсіресе ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектесудің орыны бөлек. Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Көзі көрмейтін адамды бір қадам жетелегеннің алдыңғы күнәлары кешіріледі»-деген. Адамдардың мұқтаждықтары туралы ойлау және әрдайым қол ұшын созу – Алла елшісінің сүннеті. Қазір нарық заманы болғандықтан елдің көпшілігі қаражат жағынан тарығып қалатыны бар. Көпшілікте баспана жоқ, міне осындайда үй иесінің пәтер пұлды асықтырмай аздап сабырлылық танытқанының өзі елдің мұқтажын өтеу болып табылады.

 

 

Сондай-ақ Пайғамбарымыз(с.ғ.с) бізді өзімізге жақсылық жасаған адамға алғыс айтуды бұйырады: «Өздеріңе жақсылық жасаған адамға солай қайтарыңдар, егер қайтаратын шамаларың болмаса ол үшін дұға жасаңдар»-деген.

 

 

Біз мүмкіндігінше әрдайым айналамыздағы адамдарға көмектесер болсақ Пайғамбарымыз(с.ғ.с) мен Аллаға бір табан жақын болатынымызды және Алла елге жасаған мұндай көмегіміз үшін бізге де қол ұшын созатынын естен шығармайық.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары