Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ашу - дұшпан
17 ақпан, 2015 жыл 866 Басып шығару нұсқасы
chashe_ylibaytes001Біз бүгін ашу жайлы әңгіме өрбітпекпіз. Ашу қалай пайда болады және адамды ашулануға не итермелейді?

Адамның ашуын шақыратын жағдайлар мен әр іс-әрекеттің артында да Алла Тағала тұрады. Көп жағдайда адамның ашуы осы нәрсені түсінбегеннен туындайды. Адам бір нәрсенің аяқ асты туындағанына белгілі бір адам кінәлі деп есептеп, оған өшігеді. Ал шынында адам мұның бәрі Алланың қалауымен орын алып жатқанын түсінгенде ашуы басылып, сабасына түседі.

Адам жанының ажырамас екі қасиеті бар. Ол қасиеттер адам ананың құрсағында жатқанда пайда болады. Бірі - құмарлық, бірі - ашу. Құмарлық неден пайда болады? Құмарлықты дүниеқоңыздық, нәпсіқұмарлық, көзсіз армандары мен осы дүниеге деген құштарлығы тудырады. Ал ашуды өзін-өзі жақсы көру, кек, өшпенділік, көреалмаушылық, және осы тектес қасиеттер тудырады.

Дегенмен осы екі қасиеттің кейде адамға пайдалы жағды болады. Бұл екеуінің адам бойынан мүлде жоғалуына да болмайды. Неге? Себебі құмарлық адам баласын өзі қалаған нәрсеге қол жеткізуге, мақсат қоюға жетелейді.  Яғни құмарлық адамға пайда әкелер тұрғыда болуы керек. Сондай-ақ ашу да белгілі бір деңгейде болуы қажет. Өзін-өзі қорғауы үшін, ешкімнің кемсітуіне жол бермеу үшін, әділдік үшін қажет.

Ал бірақ адам бойындағы осы екі қасиетті бақылаудан шығарса олардың жамандығы басым болмақ. Сондықтан осы қасиеттердің алтын аралығын таразыда тең ұстау қажет-ақ.

Адам ашуланғанда "менікі ғана дұрыс" деген пікірде болады. Солай әділетсіздікке жол береді. Алла елшісі: «Егер сендердің бірің ашулана бастасаңдар, үнсіздік сақтасын»-деген.

Ашу өрт сияқты. Біз өртті сумен сөндіреміз, Ашуды да солай басамыз. Яғни адам ашуланған кезде жуынса адамға физикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да әсері болмақ. Адам ашуланған күннің өзінде сол ашуының шегін білгені жақсы. Себебі көзін жаулап алған ашудың салдары жаман. Ол адамдар арасын ажыратады, көңілін қалдырады және т.б.

Алла елшісі: «Адамды сақтайтын үш нәрсе бар, адамды сөзсіз құртатын үш нәрсе бар. Адамды сақтайтын үш нәрсе: 1) ашық және құпия түрде Құдайдан қорқу (яғни адамдар арасында да, жалғыз қалғанда да адамның Алладан қорқуы); 2) адам ашуланып тұрғанда да, риза болып тұрғанда да шындықтың, әділдіктің сөзін айту (көп адамдар бұл қасиеттен құр қалған. Мәселен адам көңілді тұрғанда шындықты айтып, ал ашуланған кезде өзгелерді кемсітіп, өзінікін дұрыс деп санап әділетсіздікке бой алдырып жататыны бар); 3) бай-бақуатты кезде де, жоқшылық кезде де ысырапқа жол бермеу. Адамды құртатын үш нәрсе: 1) алдында адам дәрменсіз болатын сараңдық (яғни адам оған қарсы тұра алмайды, тек соның дегеніне бейімделеді); 2) адам мүлтіксіз орындайтын құмарлық (яғни өзі бұл құмарлықтан бас тарта алмайтын); 3) адамның өз пікіріне масаттануы (яғни адам өз пікіріне масаттанғанда ол өзіне ұнайды).

Демек осы сөздерден түйетініміз, адам кемелдікке жету үшін Алла Тағаланың бұйырған құндылықтарын бойына сіңіруі қажет. Бұл туралы Алла елшісі: «Алла Тағаланың құндылықтарын алыңдар»-деген. Сондықтан Алладан қорқатын,кемелдікке ұмтылатын адамға жоқтан өзге ұсақ-түйек нәрсеге ашуланудың қажеті жоқ. Әр нәрсенің өз орыны, өз кезегі, өз уақыты болатыны сияқты ашудың да орынды жері бар. Мысал үшін, Алла Тағаланың тыйым салғандарын бұзған жағдайды көргенде ашулану орынды. Алланың тыйым салғанын орындамау шынымен де ашу тудырады. Ал күнделікті пендешілік ашудан неғұрлым алыс болған абзал. Ашудың өзін жеңе білген және соның Алланың қалауымен орын алып жатқанын түсініп, сабырлылық танытқан адамға сауап болары анық.

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары