Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Махаббат ескірмесін десеңіз...
03 қазан, 2018 жыл 236 Басып шығару нұсқасы

Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, Ал махаббат — таусылмайтын әңгіме! Алланың алдында ақ некелеріңіз қиылған соң, бойыңыздағы сезімді жылдар өтсе де суытып алмау керек.  Ал сол адамға, алау сезімге адалдық сақтап, өшіріп алмау одан қиын болмаса, оңай емес. Екеуге ортақ әлемді үшінші біреу ұға алмас. Десе де, төмендегі кеңестердің өмірлік серігіңізбен бір жастықта қартаюға жетелемесе, кедергі келтірмесі анық. 

1. Бірге жетіліңіз Айтуға оңай көрінгенімен, іске келгенде аздап қиынға соғады. Мақсатыңызды онымен бөлісіңіз, жоспарыңызды талқылаңыз, құпияңызды іште сақтамаңыз. Өзгерістерге бірге дайын болыңыздар. Оның ойлап жүрген жоспарларын сұраңыз, қызығушылықпен тыңдаңыз. Өз ойыңызды айтып, көмегіңізді ұсыныңыз.

2. Естеліктермен жұмыс істеңіз Бір-біріңізбен жиі сөйлесуге тырысыңыздар. Өткен шақтың естеліктерін жиі еске алыңыздар. Екеуіңіз де жақсы көретін белсенді әрекетті жоспарлаңыз.

3. Тосынсый ұйымдастырып тұрыңыз Сыйлықты көп адам жақсы көреді. Кез келген кішкентай сыйлық әрдайым қуаныш сыйлайды. Жанға жағымды сөздері бар хат жазып тұрыңыз.

4. Бір-біріңізге алғыс айта біліңіз Оның саған қаншалықты ұнайтынын, оның қандай керемет адам екенін айтып, сезіміңізді білдіріп тұрыңыз. Кез келген ұсақ-түйекке ашулана бермеңіз. Мінсіз адам болмайды.

5. Бір-біріңізге жақындаңыз Оны көргенде бетінен сүйіңіз, көзіне қараңыз және қолынан ұстаңыз. Өз сезіміңізді ашық білдіріңіз. 6. Интернеттен шығыңыз Бос уақытта ұялы телефонға телміріп отырудың орнына әңгіме-дүкен құруға шақырыңыз. Әйтпесе, ешқандай жақындық болмайды, тек көрініп отырасыз. Гаджеттерді демалыс, тамақтану кезінде және кешкілік уақытта қолданбаңыз. Арақатынасыңызға болмашы нәрселердің кедергі келтіруіне жол бермеңіз.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары