Жылдар бойы Исрайл ұлдарының арасында ашаршылық орнаған кездері тағылымы мол хикая орын алады. Бірде бір әйелдің бір тілім наны бар еді. Соңғы қалған нанын енді аузына сала бергенде үйіне жас бала келеді. Әлгі бала алақанын жайып "Алла разылығы үшін бір түйір нан беріңізші"-деп әйелден нан сұрайды. Ашаршылықты басынан өткізіп жатқанына қарамастан әйел қолындағы нанды балаға ұстатып, шығарып салады. Осындай жомарттықты көрсеткен әйел бір күні отын жинауға баласымен тауға келеді. Тауда жүргендерінде әйелдің жас баласын қасқыр алып қашып кетеді. Әйел соңынан жүгіріп, бар дауысымен айқайласа да қасқыр жеткізбейді. Ана байғұс жылап-еңіреп қасқырдың ізіне түсіп, ұзақтан ұзақ жол жүрді. Сол уақытта ұлы Алла Тағала қасқырдың ісіне Жәбірейіл әлейһиссаламды жіберді. Ол баланы қасқырдан алып, анасына берді.
Әлгі әйелге Жәбірейіл әлейһиссалам: "Ей, Алла Тағаланың құлы! Қайршы табалдырығыңа келіп нан сұрағанда, сен жомарттық танытып наныңды бердің. Жомарттығыңның ақысы осы. Аман-сау келген балаңа қара. Енді ризасың ба?!"-депті.
Пікірлер