Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылманша жаңа жыл басталды!
19 қыркүйек, 2018 жыл 2770 Басып шығару нұсқасы

Мұхаррам айы – мұсылман жыл санауының басы, яғни, алғашқы айы. Мұаррамның алғашқы күні, Хижридің 1440 жылы біздің күнтізбе бойынша қыркүйектің 11-і кіреді. Мұхаммед (ﷺ) пайғамбарлықтың 12 жылы Зүлхиджа айында Ақабә деген жерде мединелік Ансарлардан «Ақабә биатын (ант, уәде)» алғаннан кейін, келесі айда, яғни Мұхаррамда Меккеден Мединеге көшу/хижрет басталады. Хижретке 16 жыл толғанда, (638 жылы) халифа Омар (р.а.) Мәдинада кеңес құрып, тарихтың есебін жүргізу мәселесін көтерді. Әзірет Әлидің ұсынысы әрі кеңестің құптауымен хижрет Ислам тарихының басталуы әрі мұсылман күнтізбесі ретінде қабылданса, мұхаррам сол күн түзбенің алғашқы айы ретінде бекітіледі.

 «Мұхаррам» сөзі «тыйым салынған» деген мағынаға саяды. Осы айда соғысу харам болғандықтан «Мұхаррам» деп аталғанын айта кету керек. Бұл турасында Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінде былай айтылған: «Шын мәнісінде, Алланың құзырында айлардың саны – он екі.  Жер мен көк  жаратылған  күннен бастап, Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі – соғысуға тыйым салынған айлар (зүлқағда, зүлхиджә, мұхаррам, ережеп)...» («Тәубе», 36 аят). Басқа харам айларда күнә жасауға қаттырақ тыйым салынғандай, бұл айда да күнәдан ұзақ болу жайлы көп айтылады. Сонымен бірге алдыңғы қатарда айтылғандай мұхаррам харам айлардың бірі болып есептеледі. Бұл жөнінде Алла тағала Құранда былай дейді:

Мұхаррам айының маңыздылығы хадистерде жан-жақты айтылып, қадір-қасиеті сөз болған. Нәсәи жинағында риуаят етілген бір хадисте сахаба Әбу Зәр былай дейді: «Мен Пайғамбарымыздан түндегі қайырлы уақыт пен айлардың ішіндегі ең абзалын сұрадым. Сонда Ол (ﷺ): «Түннің ең қайырлы уақыты – түннің соңғы үшінші бөлігі. (Рамазаннан кейінгі) Айлардың ең абзалы– сендердің «мұхаррам» деп жүрген Алланың айы», –деп жауап берді» (Нәсәи - 4612).

Көптеген айлар секілді бұл айда да қасиетті деп саналған күн бар. Ол – Ашура күні. Ашура күні Мұхаррам айының 10-ы күні кіреді. Осы күні ораза ұстаған абзалырақ. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) бұл күнді ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық етумен өткізген. Мұ­хар­рам айы­ның то­ғы­зын­шы, онын­шы (ашу­ра) жә­не он бі­рін­ші күндері ора­за ұс­тау мұс­та­хап не­ме­се сүн­нет. «Ашура» сөзі араб тілінде «ъашара» он санынан шыққан. Бұл күн мұхаррам айының оныншы күніне сай келгендіктен «Ашура», яғни, оныншы күн деген атау берілген.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (ﷺ) Мә­ди­на­ға кел­ген кез­де яһу­ди­лер­дің (ев­рей) ашура кү­ні ора­за ұс­та­ға­нын кө­ріп, «Бұл қан­дай ора­за?», – деп сұ­ра­ды. Оған: «Бұл – ұлы күн. Алла бұл кү­ні Мұ­са мен Ис­райл ұр­па­ғын дұш­пан­дар­дан құтқарған. Сон­дық­тан осы кү­ні Мұ­са ора­за ұс­тай­тын» – деп жауап қай­тар­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (ﷺ) сон­да: «Мен Мұ­са­ға сен­дер­­ге қа­ра­ған­да әл­де­қайда жа­қын­мын», – де­ді де, осы кү­ні ора­за ұс­тауды әмір ет­ті.

Сахаба Абдулла ибн Аббастан осы күні ұсталатын ораза жайында сұрағанда Ол (р.а): «Пайғамбарымыздың осы күнгі нәпіл оразаның қадірін, өзге күндердегі нәпіл оразалардан артық санайтын...», – деп жауап берді.

Мұ­хар­рам айының осындай қасиеті бар. Сондықтан да хижра күнтізбесі бойынша келетін жаңа жылды жақсы көңіл-күймен, ізгі тілек, арман мақсаттармен күтіп алғанымыз абзал болады.

Алла Тағала барша мұсылманның амалдарына қабыл етіп, мол сауаптан бергей!

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары