Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тақ пен табыттың иесі болмайды
18 қыркүйек, 2018 жыл 188 Басып шығару нұсқасы

Осман  империясының 10-шы падишахы Сүлеймен Сұлтан (1494-1576)  46 жыл  ел басқарып  ең  көп  тақта  отырған  әрі  ең  көп жорыққа шықан падишах. Сол падишах өлім  аузында  жатқанда  өзінің әскери қолбасшысын шақырып: «Ертең  алда-жалда дүниеден өтіп кететін болсам, мынандай үш өтінішімді  өсиет етемін » – деп айтқан  екен:

Бірінші өтініші жаназа табытын Осман империясына танымал, атақты, даңқты болған емшілер мен дәрігерлер көтерсін дейді;

Екінші өтініші табытты  көтеріп жүретін жолдың барлығына алтын тастар мен жақұттар төселсін;

Үшінші өтініші  оның екі қолы бүкіл халыққа көрінетіндей табыттан шығып салбырап тұрсын дейді.

Әскери қолбасшысы  Сүлеймен Сұлтанның  бұл  өтініштеріне таңқалып  мұның себебін сұрайды. Сүлеймен Сұлтан былай деп жауап береді:

– Менің  жаназа табытымды  атақты  дәрігерлер мен емшілер көтерсін. Жаназаға жиналған барлық  халық көрсін, тіпті  мықты  дәрігерлердің өзі өлімге қарсы дәрменсіз екендігін;

– Мен  жинаған  алтын  тастарым  мен  жақұттарымды  жаназа табытының  қабірге дейін  жүретін  жолға төселсін. Дүйім  жұрт көрсін, бұл өмірде жинаған байлықтың барлығы осы өмірде табанның  астында  қалатындығын;

-Бүкіл  халық менің екі қолымды көздерімен көрсін. Сүлеймен Сұлтанның өзі мына өмірден құры алақан кетіп бара жатқандығын. Осындай өнегелі өсиетпен өмірден өткен екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары