Тілдік нұсқа
Радио

мақала

У БЕРІП ӨЛТІРГІСІ КЕЛГЕН ЕНЕСІН, ҚАЛАЙ ЖАҚСЫ КӨРІП КЕТТІ?
05 қыркүйек, 2018 жыл 396 Басып шығару нұсқасы

Қытай елінде Лулу деген қыздың басынан мынандай қызықты жағдай өткен екен. Әлгі қыз өзінің енесімен қырық пышақ болып келісе алмайтын болса керек. Бір күні әлгі Лулу енесін улап өлтіргісі келіп у жасап беретін адамға өтінішпен барыпты. Ол кісі «мына уды енеңіздің тамағына аз-аздан күніге қосып отырыңыз. Алайда осы уақыттан бастап енеңізге деген ілтипатыңызды арттырыңыз, жақсылап қараңыз. Соңында кінәлілердің қатарында сіз болып қалмау үшін» деп кеңесін аямапты. Лулудың жақсы қарым-қатынаста болғаны соншалық – түбінде енесін өлімге қимайтын хәлге жетіпті. Лулу кері қайтып у дайындаған адамға қайта келіп, енесін өлтіргісі келмейтіндігін айтқанда, әлгі «дәрі» берген адам «у» емес дәрумен бергенін айтыпты. Сондағы Лулудың қуанышында шек болмапты!

«Адам кімнен не іздесе соны табады» деген.  Егер қандай да бір адамның жамандығын іздесең міндетті түрде іздегеніңді табасың. Өйткені кемшіліксіз адам жоқ.

Ал, әркез жақсы ойда болу мұсылманның сипатынан. Бірде Иса пайғамбар (а.с) жолда кетіп бара жатқанда өлексенің қасынан өтеді. Қасындағылар «сасығынай» дейді. Сонда Иса (а.с) «тісі қандай аппақ еді» деген екен.  Адамнан Біздің адамға деген ойымыз жақсылыққа өзгерген жағдайда бәрі жайнап сала бергенін өзіңіз де байқамай қаласыз.

 

Nasihat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары