Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АЛТЫН ҚАЛАЙ ҚОҚЫСҚА АЙНАЛДЫ?
05 қыркүйек, 2018 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Баяғыда бір кедей қарт өмір сүріпті. Өзінің шағын кәсібі болса да, тірлігі өрге жүріп, басына дәулет қонбай қойған екен. Кедейліктен шаршаған ол бір күні "осы пәлен деген байлардың ісі дөңгелене жөнеледі де, маған келгенде теңізді су алатыны несі екен?" деп налып келе жатса, алдынан бір адам шығып:

– Уа, қарт, налыма! Мен саған қалағаныңша алтын бере аламын. Тек бір ғана шартым бар. Егер алтынды жерге түсіріп алар болсаң, барлығы да қоқысқа айналады. Оны жерге түсірмеуің керек, - дейді.

Қарт келісіп, қапшығын ашады. Әлгі адам дорбаны  алтынға толтырып: 
– Жеткілікті ме? - деп сұрайды. Қарт: 
– Тағы кішкене, - деп тағы салғызады. Әлгі жігіт:

-         Енді ше? Жете ме? – дейді. Қарт тағы біраз алғысы келеді. Ақыры дорба алтынға толып, аузы-мұрнынан шығып тұрған қапшықты көтере бергенде, ол жыртылып, алтын жерге шашылып, барлығы да қоқысқа айналып кеткен екен.
Жүректе қанағат болмаса, қара жердегі байлықтың барлығы да аз көрінетіні анық... Қазақ «Қанағат қарын тойғызар» деп қалай біліп айтқан десеңізші...

http://asylarna.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары