Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Балқұмар бала
06 қаңтар, 2015 жыл 153 Басып шығару нұсқасы
iSRdA3SaRwYIлгерiде бiр патшаның жалғыз ұлының үстi-басын жара басып, жазылмастай ауруға шалдығады.
Шақырған емшi-тәуiптерiнен қайран болмайды. Ал, бала күннен-күнге әлсiрей бередi. Бiр күнi патша түс көредi.
Түсiнде баланың ауруының себебi, оның бал құмарлығында екенi бiлдiрiледi. Ал, балқұмарлықты қойдыру ұстазының қолынан келедi-мiс.
Сонымен, таңертең патша баланың ұстазына жағдайды түсiндiрiп, шабарман жiбередi.
Бiрақ ұстаз кешке дейiн келмейдi. Тағы екi күн күтедi. Ұстаз жоқ.
Төртiншi күн дегенде ғана ұстазы келiп балаға жолығады.
Сонан соң патшаға келiп сәлемдеседi.
Патша:
- Сен, неге шақырғанға келмей, жатып алдың? - деп қаһарланады.
Сонда ұстаз:
- Тақсыр, мен сiздiң ұлыңызға балды қой деп айтуым үшiн, алдымен оны өзiм қоюым керек болды.
Мен үш күн бойы балқұмарлықтан арылу үшiн өзiммен қатты жұмыс жасадым. Сонан соң ғана ұлыңызға әдетiн қойдырдым, - дептi.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары