Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күнә деген не?
03 қараша, 2015 жыл 1357 Басып шығару нұсқасы

Өзім жас болғандықтан араласатын адамдарымның дені жастар. Солардың көбі күнә іс дегеннің не екенін біле бермейді. Діннен алыстау келетіндері, күнәлі іс деп кісі өлтіру, ұрлау, шошқа малын жеу секілді бірлі жарымды әрекеттерді айтады. Сол азаматтарға түсіндіріп жатсаң, сөзіңе аса мән бере қоймайды. Сол себепті, нақты қандай істер күнә болып табылатынын ғаламтор бетіне түсіруді жөн санадым.


Ең ауыр күнәлар:


Күпірлік.


Екіжүзділік.


Аллаға серік қосу.


Діннен бойын алыс ұстау.


Өзін-өзі өлтіру.


Дененің күнәлары:


Денені инемен тесіп бейнелеу.


Ердің әйел кейпіне, әйелдің еркек кейпіне енуі.


Дене мүшесін өзгерту.


Ер адамның жібек матаны және алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды тағуы.


Исламда адамның 7 мүшесі күнә істейді екен. Олар: көз, құлақ, тіл, қолдар, аяқтар, қарын және жыныс мүшелер.


Көздің күнәсі:


Нәпсіқұмар көз.


Әурет жерлерге қарау.  Әйелдер үшін бет жүзі мен қолдың саусақ бөлігінен басқа жерлері әурет болып саналады, ал, еркектердің әурет жерлері кіндік пен тізе арасы.


Адамға жеккөрінішпен қарау.


Өзгенің мүлкіне ұрланып, қызғанышпен, іштарлықпен қарау.


Құлақтың күнәлары:


Тыңдауға қажеті емес боп саналатын әңгімені тыңдау.


Тыйым салынған әуендер мен дыбыстарды тыңдау.


Өсек, ғайбат сол секілді және т.б. тыңдау.


Тілдің күнәсі:


Қарғыс.


Жалған сөз.


Қатты дауыстап жылау, айқайлау және марқұмды жоқтау.


Жалған куәлік ету және өтірік ант беру.


Табалаушылық.


Келемеждеу, масқаралау.


Жазғыру, сөгіс айту.


Өсек, ғайбат сөз айту.


Қолдың күнәсі:


Мөлшерден кем өлшеу. Салмақтан ұрлық жасау, яғни нақты мөлшерін немесе көлемін жасыру.


Ұрлық, қарақшылық.


Кісі өлтіру.


Біреуге соққы жасау, мүгедек қылу, малды ұрып-соғу.


Парақорлық.


Құмар ойындарын ойнау.


Құмарлықпен қарама-қарсы жыныс өкілінің бетінен сипау, жақындасу.


Жаны жоқ мүсін салу, тас құдайларын салу.


Айтуға тыйым салынған сөздерді жазу.


Аяқтың күнәсі:


Жолдасының рұқсатынсыз сапарға шығу.


Құлшылық етушінің алдын кесіп өту.


Әйелдің, құлдың, қарызгердің және т.б. қашып кетуі.


Тәкәппарланып немесе даңғойланып жүру.


Қарынның күнәсі:


Харам жолмен, яғни ұрлықпен, өсімқорлықпен табылған заттан істелген тағамды жеу.


Естен тандыратын немесе уақытша дене рахатын сездіретін спирттік ішімдіктермен басқа да нәрселерді пайдалану.


Шарият бойынша тыйым салынған жануарлардың (шошқа, өлік малдың еті, жыртқыш аң еті, құс еті, Алланың есімі айтылмай сойылған мал еті) етін жеу.


Жыныс мүшелерінің күнәлары:


Некесіз бірге болған жанның әрбір әрекеті (екі жастың бір-біріне нәпсіқұмарлана қарауы, төсектес болуы) күнаға апарады.


Некесіз қосылу.


Жоғарыда көрсетілген тізімге сүйенген жанның бойы күнәдан таза болары хақ. Әрбір істелген амал өмірдің заңдылықтарына сүйенуі шарт. Ал, біздің өмір Алланы тану! Алдағы күндері сауабы мол істер жайлы мол ақпараттар жазатын боламыз.



Кәусар Сабыр


Шет ауданы «Жанқұтты би» мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары