Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күнә мен ұят
06 желтоқсан, 2014 жыл 311 Басып шығару нұсқасы

9Ғалым Хасан Басри бір күні  жолда  жоғарғы шенді төренің баласын жолықтырыпты. Ол  боз жорғаның  үстінде бір топ қызметшілерімен сырнайлатып-кернейлетіп кетіп бара жатса керек.




Ислам ғұламасы  жол ортасында тұрып, аз-кем жөн сұрасқаннан кейін:


- Ау, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі. Мұндайға менен басқа ешкімнің жүрегі дауалай қоймас. Саған бір-екі ауыз сөз сатайын, соған келісесің бе? - депті.


Төре баласы:


- Мейлі, алайын, қаншаға сатпақсыз? - деп сұрайды.


Хасан Басри екі сөзін екі күміске бағалайтындығын айтып, екеуінің арасында мынадай әңгіме өрбиді:


- Өз үйің бар ма?


- Иә, бар.


- Мұраға қалып па еді, әлде өзің салғыздың ба?


- Өзім салғыздым.


- Қанша уақытың кетті?


-  Көп...


- Күш-қуатың  мен мүмкіндігің бола тұра неге тезірек салғызбадың?


- Үйге қажетті ауыр ағаштар мен тастарды тасыған малдарға жаным ашыды. Сондықтан, оларға көп жүк артқызбадым.


Хасан Басри бұл жолы:


- Малдарыңа жаның ашығанда, неге өз-өзіңе жаның ашымайды? Олар қиналмасын деп ауыр жүк артпадың, ал өзің неге мұншама ауыр күнә арқалап жүрсің? Өзіңе жаның ашыса етті! - депті.


Аталы сөзге тоқтаған  манаптың ұлы  жалма-жан атынан түсіп Хасан Басри хазреттің қолын алыпты да сабырсыздана:


- Уа, ақсақал! Екі күмісіңізді қолма-қол берейін, екінші сөзіңізді де айтыңыз, - дегенде  Хасан Басри:


- Қайда бара жатырсың? - деп сұрайды.


- Мемлекет басшысына барып, жоғары  қызметке қол жеткізсем бе деп едім, - деп жауап бергенде Хасан Басри:


- Қарашы, патшаға  барамын деп әдемі киініп, үстіңе хош иіссу сеуіп алғансың? Себебі, оған мүмкіндігінше жақсы көрініп ұнасаң, жолым болды дей бер. Іштей істеген шаруаларыңа да есеп беруге дайындалудасың. Себебі, патша барлығын сұрайтынын білесің. Алайда, ол да жұмыр басты пенде. Сені мен оның ешқандай   айырмашылығы жоқ. Айырмашылық билікте ғана. Ал енді сенен сұрайын, о дүниеге барғаныңда осыншама күнәң мен кінәларың бола тұра, Аллаһ тағаланың алдында есеп беруге ұялмайсың ба?..Ғалымның сөзі сүйегінен өткен төре баласы атының тізгінін  бірден қызметшісіне ұстатып, өзі бұдан былайғы   өмірін бұ дүниелік өткінші ләззаттарға алданбай, Аллаһ Тағаланың ақ жолына түсіп, тақуалықпен өткізуге табан астында қарар берген екен.
"Өмірдің үздік сырлары" кітабы



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары