Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Хауа анамыз қалай жаратылған? (әлемдегі ең сұлу әйел)
18 шілде, 2018 жыл 310 Басып шығару нұсқасы
Ол ұйқыда жатқан кезде Алла тағала оның сол жақ қабырғасының бірін алып, сүйекті етпен қаптайды. Одан Хауа анамызды жаратады. Құранда былайша көрініс табады: «Ей, адамдар! Сендерді бір кісіден(Адам атадан) жаратқан және одан жұбайын(Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелдер таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»/1/,- деген.

Жалғызсыраған Адам атаға Хауа ананы сыйлады. Ұйқысынан оянғанда сомдалған сұлу мүсінді көріп, Адам таңырқай қалып, «Не үшін жаратылдың?» – деген сұрағына, Хауа анамыз: «Сенімен тұру үшін», – деп жауап берген екен.

Ал ардақты Пайғамбарымыз ﷺ айтады: «Кім Аллаға және Қиямет күніне сенетін болса, бір істі көргенде дұрысын айтсын немесе үндемесін және әйелдерге дұрыстықты өсиет етіңдер, өйткені әйел қабырғадан жаратылды. Ал қабырғалардың ең қисығы жоғарғысында. Егер оны түзейтін болсаң сындырып аласын. Ал тастап қойсаң, қисық қалпында қалады. Сол үшін әйелдерге туралықты, жақсылықты, қайырлы істі өсиет етіңдер»,/2/ - деген.

Хауа анамыздың есімі арабтың «хай» «тірі» деген сөзінен туындаған. Бұл Хауа ананың тірі нәрседен жаратылғандығын меңзейді.

Хауа анамыз адамзат тарихындағы сымбатты да сұлу ең көрікті әйел және адамзат жаратылғаннан Қиямет күніне дейін ең сұлу әйел болып қалатындығын айтқан. 

[1] Құран Кәрім, Ниса 1

[2] Бұхари 16/184/4787

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары