Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кешіріп жіберу - ең жақсы кек алу екен
28 маусым, 2018 жыл 2383 Басып шығару нұсқасы

Кішкентай күнімізде небір үнді фильмдерін көретінбіз. Сонда жылдар бойына кек қуып, аяғында басты кейіпкер өшін алып, әділдік салтанат құрды дегенмен кино аяқталатын. Сондай фильмдердің əсері ме, əлде өз табиғатым ба бұрын мен кекшіл болатынмын.  Біреу ренжітсе кек қайтаруды ойлап,  кешіруді білмейтінмін. Минтингке шығамын дегенім үшін тергеген бұрынғы қала әкіміне есе қайтару мақсатында   қаладағы  барлық кемшілікті  жіпке тізгендей етіп ютубқа салып жібермекші болдым. Жұмыста ұрысқан бастықты да ұстап алып ұрып кетуге талай ой кетті . Ағамды кішкентай балаларың бар деп  пәтерден шығармақшы болған пәтер иесіне де  көңілім қалып, оны да соғып жіберсем ғой дедім.

Бірде бір үлкен кісі: "Балам, өмірде ешқашан кек қууға болмайды. Бір жамандықтың да бір жақсылығы болады. Көргеніңнен сабақ ал, қайта сен сол адамның жасағаны дұрыс еместігін біліп отырсаң, өзің сондайдан аулақ бол.   Бəрін көріп, реттеп тұрған Алла бар, жақсылықтың да, жамандықтың да жауабы бар. Кек іздеп Жаратушының қызметін мойныңа артпа" деген. Осы сөз маған қатты əсер етті.    Кекшілдік жаман нәрсе екен. Шынында пәтерден шығарса одан да жақсы пәтер таптық. Содан кейін ағам жер алып үй салып алды. Жұмыстан шығарса одан да жақсы жұмыс табылды.

Кең болсаң пейіліңе береді екен. Сабыр сақтасаң сый дайындап тұрады. Бәрін көріп реттеп тұрған Алла бар. Жазалау, кешіру біздің құзырымызда емес. Біздер жұмырбасты пенделер Алланың міндетін атқара алмайды екенбіз. Кең болайықшы.Кең болу, кешіру өзіміз үшін, жан тазалығын сақтау адам болып қалудың қажеттілігі екен. Кек адамның жан-дүниесін қарайтып, өшіңді  алғаныңмен  адамның жаны тынышталмайды, қайта азапқа түседі.

Ең жақсы кек алу кешіріп жіберу екен. Жамандық жасаса да жақсылық жасап  кек алу керек деген ойдың кеселі барлығын сол бір əңгімеден соң мықтап ұғындым.

mazhab.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары