Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Елден ерек елбасы
19 қараша, 2014 жыл 157 Басып шығару нұсқасы

img_2Грек елшісі Мәдина қаласына саяси бір кездесу мақсатында келді. Келген бойда мұсылман елінің басшысы халифа Омардың сарайын сұрады. Кімнен сұраса да бәрі: – Біздің халифаның барша жанды сыйдырған көңіл сарайынан басқа ел қабылдайтын арнайы салдырған ешқандай сәнді сарайы жоқ. Тек қана кедей-кепшіктіктердікі тәрізді кішкене ғана күркесі бар, – десті. Бұны естігенде грек елшісінің таңданысында шек болмады. Қанша тиелген жүктері мен сыйлықтарын, түйелерін-бәрін бос қоя беріп Омар Фаруқты іздей бастады. Қала ішінен түк қалдырмай халифаны іздеп жүріп өз-өзіне: «Мәссаған, демек адамдардың назарына көп түсе бермейтін ел басшысы да болады екен-ау» деп күбірлеген ол одан әрі іздестіреді. Бір араб әйел: – Сен іздеп жүрген халифа Омар әне, ана құрма ағашының көлеңкесіндегі кісі. Елдің бәрі төсекте жатқанда ол керісінше жерде құм үстінде жатыр. Бар да көлеңкеде жатқан зылл-ы- иләһиге (Хақтың көлеңкесіне) көз сал!.. – деген еді. Ұйықтап жатқан хазірет Омардың сұсты кейпі грек елшісіне қатты әсер етті. Қорқыныш пен ұнамдылық екеуі екі бөлек жайт болғанымен, екеуінің бірдей бойын баурап алғанына таңданған елші өз-өзіне «Мен қаншама императорларды көріп, солардың мақтауын естіген жанмын. Алайда сол патшалардың қасында ұяламаған қорқыныш пен сүйіспеншіліктің дәл осы бір кісінің қасына келгенде бойымды тебіренткені тегін болмаса керек. Халифа ешбір қарусыз жерде жатса да, менің қалшылдап қорыққаныма жол болсын?! Бұл не өзі сонда?! Сірә, бұл сұсты кейіп мына шапанға оранып жатқан кісіге Хақтан берілсе керек» деді іштей. Грек елшісі осылайша өз ойымен өзі арпалысып тұрғанда хазірет Омар да ұйқысынан оянған еді. Грек елшісі хазірет Омарға иіліп құрметпен сәлем береді. Халифа да ерекше бір ілтипатпен сәлемін қабыл алып, демде-ақ оны өзінің жан сарайымен баурап, небір шуақты тәтті сөздерін сыйлап, жанын жадырата түсті. Елші мынадай ел басшысы дәрежесіндегі адамның соншалықты кішіпейілдігіне таң тамаша болған еді. Тіпті бөтен елден келген елші сәлден кейін-ақ Омарға өз елінің адамынша бауыр басып, әдемі әңгімеге беріліп, ерігені сонша, не жұмыспен келгені де есінен тарс шықты.


Дереккөзі: «Тағылым тамшылары»





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары