Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үлкенге құрмет
18 қараша, 2014 жыл 178 Басып шығару нұсқасы
ulkenge-kurmetХалифа Әли ибн Әбу Талибтың екі ұлы Хасанмен Хусейн мешіт ішінде отырған да жасы келген бір қарияның дәретті дұрыс алмағанын байқайды. Ол кісі мешіт ішіне кіріп намазға тұрады. Хасан мен Хусейн оның намазды да шарттарын бұзып оқығанын көреді. Қарияның қатесін түзегілері келгенімен, өздерінің жасы одан кіші болғандықтан оған дәретті қалай дұрыс алуды, намазды шарттарымен қалай дұрыс орындауды үйретуге ұялады. Олар ақылдаса келіп қарияның алдында дәрет пен намазды қайсысының дұрыс орындайтындығы жөнінде жарыс өткізіп, төрелігін қариядан сұрауға келіседі.

Сөйтіп, екеуі қарияның алдына отыра қалып, бір-біріне дәретті қалай алуды көрсете бастайды. Ондағы мақсаттары үлкен кісінің қатесін осылай сыпайы түрде көрсету болатын. Екеуінің сөздеріне құлақ түріп, әрбір қимылдарын бақылап отырған қария өзінің дәрет алу мен намаз оқудағы кемшіліктерін түсінеді. Хасан мен Хусейн келіскендеріндей қарияның жанына келіп, кімнің өте дұрыс орындағанына төрелік етуін сұрайды. Ол кісі қысылып: “Айналайындар, сендердің екеуің де өте жақсы орындадыңдар. Сендерге қарап өзімнің дәретті де, намазды да дұрыс атқармайтыныма көзім жетті," - дейді.
Сөйтіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) екі немересі қарияға осылайша өте сыпайы түрде үлгі көрсетіп, қатесін түзеді.
Ғибрат: Алланың елшісінің (с.ғ.с.) екі немересі жасы үлкен қарияның кемшіліктерін бетіне басып, ұялтпай өте тапқырлық жасайды, қатесін әдеппен көрсетеді. Үгіт-насихаттың мұндай үлгісі бүгінгі уақытта да аса маңызды екені сөзсіз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары