Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Карта ойнауға бола ма?
30 қазан, 2015 жыл 7760 Басып шығару нұсқасы

Жауап: Карта ойнауға қатысты ескеретін бірнеше жағдай бар:


1) Харам (тыйым салынған). Бәс тігіп (ақшаға, дүние-мүлікке) карта ойнауға тыйым салынады. Себебі қасиетті Құран Кәрімде мұндай ойындар құмар ойындарға жатқызылған.


2) Мәкрүһ (тыйым салынбаған, бірақ ұнамсыз іс). Ойын бірінші санатқа жатпайды. Бірақ адам уақытын текке өткізеді. Уақытты игі іске жұмсау сүннет. Әрі сауапты болмақ.


3) Мүбәһ (рұқсат етілген). Егер ақша, дүние-мүлікке ойналмайтын болса карта ойнауға болады. Бірақ бұл ойын адамның құлшылығына кедергі болмауы тиіс. Сондай-ақ адамдардың бір-бірін жәбірлеуіне, жауласуына, ұрыс-керіске себеп болмауы керек. Егер осындай келеңсіздіктер орын алатын болса, ойнауға болмайды.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары