Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ең қымбатты жандар – әке шешеме арналған хат. (бала тілегі)
19 шілде, 2018 жыл 499 Басып шығару нұсқасы

Қымбатты әке-шешем, мені ең алдымен Алланың берген бір нығметі, сыйлығы, мейірімі екеніін біліп, жәй ғана жақсы көріңіздер!

Ата –анам, мені бұзбаңдар, мен не қаласам сол болатындай етіп тәрбие бере көрмеңіздер. Менің қиқарлығымды ескеріп, әр нәрсеге қолым тез жететіндей болып қалмайын!

Маған қаталдық танытудан қорықпаңыздар, қаталдық мені тек шыңға жетелемесе, өкіндірмесі анық.

Бірақ,көп күш көрсетуден сақтаныңыздар, әйтпесе, өсе келе, әділет тек күштілікте деген ойым қалыптасады.

Маған өтірік сөйлеп, өтірік үәде беруден аулақ болыңыздар. Өйткені, сіздерге деген сенімім жоғалуы мүмкін. Адалдықтың ақ жолынан аттап кетпей, шынайы, шыншыл болуды ескертіп, бойыма дарытсаңыздар екен деймін.

Менің қолымнан келетін іске араласушы болмаңыздар, әйтпесе  өсе келе мен үшін бәрін істеп бере алатын ата анам бар деп қолымды жайып отыра беретін боламын. Еркек болсам ез, әйел болсам салақ, жалқау болғым келмейді. Қолымнан келетін бір істі байқап қалсаңыздар, демеу болып, жөн сілтеп жіберсеңіздер, ертең жемісін беретініме сенімдімін.

Маған білім бергенде шыдамдылық танытыңыздар. Мен дамып келемін, демек, әр нәрсені егжей-тегжейіне дейін біліп, көргім келеді.  Ең алдымен білімді иман тұрғысынан бастап, ежіктеп оқысам да Құранды оқи алатындай берсеңздер екен. Құранымды оқып, ертең сіздерге бағыштап отырғым келеді.

Менен білім талап етіңіздер. Білім алып, сіздерді жаннат төріне шығарғым келеді. Пейішімізде қауышып, сіздерге алтын тәж кидігім келеді.

Білімімді ең алдымен бізді жаратқан Жаратушымызды танытудан бастаңыздар, бұл білімнің ең негізгісі.

Мен сіздерге сұрақ қойғанда шынайы, рет –ретімен жауап беріңіздер. Әйтпесе, мен жауап ала алмаған сұрақтарымды, түзу жолдан тайдыратын бәз біреулерден сұрап алуым мүмкін. Шариғатта ада болмайтын жауаптармен сусындатсаңыздар, өтірікшілердің құрсауына түсіп қалмаймын.

Менен кешірім сұрай бермей, мені де кешірімшіл болуға үйретіңіздер. Өсе келе сіздерге деген мейірімім арта түседі.  Кешірімді болып, сіздерге тіл келтіргім келмейді.

Маған адалдықтың ақ жолынан аттап кетпеуді үйретіңіздер. Әйтпесе, өтірік айтып, арамға қол жеткізуім мүмкін.

Мені елдің көзінше ұрсып, балағаттаудан аулақ болыңыздар. Ол менің өзіме деген сенімімді жоғалтады.  Мақтауды да асыра сілтеп, көкірек керіп кетуіме жол бермеңіздер. Оңды оң, солды сол деп танытқандарыңыз жөн.

Мен істеген тірліктің жақсы жағын айтудан жалықпаңыздар, келесі жолы одан да жақсы іс-әрекет етуге талпынғым келеді.

Маған күніге екі дүние сардары Пайғамбарымыз жайлы қиссалар мен тәлім-тәрбие беретін ертегілер оқып беруден шаршамаңыздар, менің өсе келе ақылымды нығайтады.

Анашым, Әкешім, ең бірінші маған Алланың құлына берген махаббатындай,  менен де кіп-кіщкентай махаббаттарыңызды аямаңыздар. Айырылысып, не әкесіз, не анасыз өсіп, не туыла сала тастанды болып, жетімдер үйіне тоғытылғым келмейді. Менің арманым иман дәрежесі мығым, үлкенді кішіні сыйлай білетін, инабатты, ізетті, сабырлы, байсалды, пәк , толыққанды отбасында тәрбиеленгім келеді.

Қарлығаш Сарыбай...

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары