Үйде ит ұстау
Алла елшісі: «Ит пен сурет бар үйге періштелер кірмейді», «Күзетші (малшы) ит пен аң аулайтын иттен басқа ит ұстаған адамның жақсы істері күн сайын екі қиратқа кеміп отырады»-деген. Осы айтылған хадистерден пайдасы жоқ иттерді ұстауға тыйым салынғанын көреміз. Құқық қорғау қызметінде, әскери қызметте пайдаланылатын иеттерді де ұстауға болады. Себебі олардың пайдасы бар.
Иттерді саудаға салу
Алла елшісі: «Ең жаман табыс – жезөкшелікпен табын табыс, ит үшін және қан алғаны үшін алатын ақша"-деген. Хадистің басқа бір нұсқасында: «Ит үшін ақша алу – оңбағандық, жезөкшелікпен табыс табу – оңбағандық, қан алғаны үшін ақша алу – оңбағандық»-делінеді. Мұсылман ғалымдарының басым бөлігі осыған тоқтаған. Әбу Ханифа пайдасы бар итті сатуға болатынын, ал мұндай итке зиян келтіргені үшін шығынын өтеу керектігін айтқан.
Ит – таза жануар емес. Оған дәлел Алла елшісінің мына хадисі: «Егер ит біріңнің ыдысыңды жаласа, ыдыстағыны төгіп, жеті рет жуыңдар, жетіншісінде топырақпен жуыңдар». Егер ит таза жануар болса Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ыдыстағы суды я тамақты төгуді бұйырмаған болар еді. Себебі бұл ысырап болар еді.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер