Тілдік нұсқа
Радио

мақала

НАМАЗ ОҚЫМАҒАННЫҢ АЗАБЫ
20 маусым, 2014 жыл 356 Басып шығару нұсқасы

НАМАЗ ОҚЫМАҒАННЫҢ АЗАБЫХасан ибн Алидан (р.а.): «Сендер мешітке кірсеңдер Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салем беріңдер, шыңдығында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Қабірімді мереке орнына, үйлеріңді қабірге айналдырмандар, Маған (с.ғ.с.) қай жерде болсаңдар да салауат айтындар, айтқан салауаттарың Маған (с.ғ.с.) жетеді».
Құран Кәрімнің Мәриям сүресінің 59-шы аятында Алла Тағала: «Олардан кейін қауымдар келеді олар нәпсілеріне еріп, намаздарын тастап азапқа душар болады» - деген. Кейбір тәпсір ғұламалары намаздарын тастады деген мақсатпен намазға парыз деп қарамады деген, ғұламалардың бір тобы намаздарын уақытылы өтемегендер деді, басқа бір ғалымдар мешіттерге бармай, сол себептен мешіттері құлап қалған адамдарға қатысты бұл аят түсті деген, намаздарын уақытылы өтесе де, сол өтеген намаздарының сауабын өсек-ғайбат айтумен, мақтанышпен жойған адамдарға қатысты түскен деп, кейбір ғалымдар айтқан, намаздарын парыз рүкіндерін сақтамай және қаза қылып қазасын өтемеген адамдарға қатысты, сондай адамдарға ескерту ретінде нәзіл болған аят деп ғалымдардың бір тобы тәпсірлеген. Осы аяттың соңында олар азапқа душар болады, яғни غي азабына делінген. Осы «ғой» сөзі үшін ғалымдар арасында пікірталас болған. Уаһб ибн Мунаббиһ «ғой» деген ол тозақтағы терең ыстық өзен, егер бір тамшысы осы дүниеге тамса күллі дүние қырылып қалатын еді. Ибн Аббас (р.а.) тозақтағы бір жазық өзі ыстығынан күніне мың рет Аллаға сиынып тұратын. Осы жазық намазын тастап кеткен адамдарға арналған. Ато (р.х.) айтты ол тозақтағы ірің мен қан аққан жазық. Кағб (р.х.) ол тозақтағы жазық һабһаб атты құдығы бар, тозақ оты сөне бастағанда, Алла Тағала сол құдықты ашқанда отыны шығып қайта жана бастайды деген. Доххак (р.х) қайғы өлім деп тәпсірлеген.
Бір кісі жолаушылап шыққанда оған шайтан серіктесіп соңынан ілеседі. Сапар шегіп келе жатқан кісі сол күнгі бес уақыт намазын оқымай түгел қаза қылады. Түнде бір жерге тоқтап ұйықтайын деп жатқанда шайтан қашады. Сонда шайтанға неге қаштың деп сұрағанда, шайтан Алладан азап келеді деп қорқамын. Мен Алла Тағалаға бір рет бой ұсынбай малғұн атандым, сен болсаң бес уақыт намазыңды өтемей бес рет бой ұсынбадың сенен аулақ жүрейін деген екен.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде намаз оқып жамағат намазына үзірсіз қатыспаған адамның өзіне 12 түрлі азап берілетіндігі айтылған. Үшеуі осы дүниеде болса, үшеуі өлім алдындағы сәтте, үшеуі өлгеннен кейін болса, үшеуі қияметте болады. Осы дүниедегі үшеуін алсақ:
1-сі кәсібінен береке кетеді;
2-сі жүзінен ізгі амалды құлдарына берілетін нұры кетеді;
3-сі жақсы ізгі амалды адамдардың алдында дәрежесі болмайды;
Өлім алдында берілетін үшеуіне келсек:
1-сі өлім алдында қатты шөлдейді, шөлі өзен суын ішсе де қанбайды;
2-сі жаны денесінен қиналып шығады;
3-сі дүниеден имансыз кету қауіпі бар;
Өлгеннен кейінгі үшеуін алсақ:
1-сі Мүнкір Нәкір сұрағы ауыр болады;
2-сі қабірі қараңғы болады;
3-сі қабірі тар болады, қабырғалары бір-біріне кіріп кетеді;
Қияметтегі үшеуі:
1-сі есебі қатты болады;
2-сі Раббысы оған наразы болады;
3-сі тозақ отына түседі. Алла Тағала бізді сақтасын!


Араб тілінен аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары