Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сонда, бұл кезде әйелді ұру рұқсат па?
16 қазан, 2017 жыл 983 Басып шығару нұсқасы

Дінімізде әйел адамды ренжітуге, қорлауға, қол көтеруге қатаң тыйым салынған. Әйелді ұру – үлкен күнә. Оның жауабы да қатты болмақ. Алайда Қасиетті Құранның мына аяты әйелді ұруға болатынын меңзейді: «(Әйелді нәпақамен қамтамасыз ету, қорғау және тәрбиелеу ер адамның міндеті болғандықтан) нағыз ерлер әйелдерге басшы һәм қорған. Мұның себебі, Алланың кей адамдарды кейбіреуінен (басқару, қорған болу, қамқорлық жасау сынды мәселелерде) әлдеқайда артық (әрі қабілетті етіп) жаратқандығы, сондай-ақ ер адамдардың (әйелдеріне мәһір беру һәм отбасының нәпақасын табу сынды) маңызды жауапкершілік арқалағандығы. Ал, ізгі әйелдер Аллаға толық бағынатын және ерлерінің алдындағы міндеттерін қалтқысыз орындайтын, сондай-ақ Алла олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ерлері қастарында болмаған кезде де ерлерінің хақысын аяқасты етпей (арын, отбасылық сырларды, отбасына тән абырой мен мал-дүниені) лайықты түрде сақтай білетін жандар. Әйелдеріңнің қыңырлыққа басып, бағынбай кетуінен қорықсаңдар, оларға алдымен насихат айтыңдар. Кейін (айтылған насихаттан нәтиже шықпаса), олардан бөлек жатыңдар. Содан кейін де (қыңырлығын қоймаса, ақырындап) ұрыңдар. Егер түзеліп, мойынсұнса, оларға жамандық жасаудың жолын іздемеңдер, (не болса соны желеу етіп оларды ренжітпеңдер). Біліп қойыңдар, Алла бәрінен биік, асқақ һәм ұлы» («Нисә» сүресі, 34-аят).

Міне, көрдіңіз бе, қисық-қыңыр, күйеуіне бағынбайтын, қырсық, айтқанға көнбейтін әйелдерді ұруға рұқсат. Ал ондай әйелдер, өкінішке орай, жоқ емес. Бірақ, назар аударатын ең басты нәрсе – «ақырындап ұрыңдар». Ол не деген сөз? Ұрғанда да бас салып, көзін көгертіп, қолын сындырып, майып қылу емес, керісінше, әйелге ешбір зияны тимеуі керек. Әйелдің ешбір жері көгермеуі керек, зақымданбауы керек, еш жері ауырмауы керек, сынбауы керек, ешқандай зиян келмеуі керек. Бұл, әрине, ұрмағанмен тең.

Алдымен әйелге жай сөзбен түсіндіріп айту керек. Егер айтқанды істемей, ол жағдай үшінші рет қайталанған болса, онда «ұруға» – рұқсат. «Ұрғанда» да әлгі талаптар сақталуы тиіс.

Қасиетті Құранның бұл аятын дұрыс түсінбей «ұруға болады екен» деп себепсізден-себепсіз әйеліне қол көтеретін ер-азаматтарымыз айтылғандарды ескерсе екен дейміз.

asylsoz.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары