Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сараңдық
17 маусым, 2014 жыл 208 Басып шығару нұсқасы

СараңдықҚолы қатты бір кісі базарда кетіп бара жатса бір тілемсек – бір тегене айран бер, немесе соны сатып алатын ақша бер – деп соңынан қалмай қояды.
«Кет басқа жаққа» десе де қоймайды. Бұл шарасыздықтан қалтасынан ақша шығарып, жерге лақтырып жібереді. Ол сол күні кешке үйіне келіп ұйықтағанда түсінде жұмақты көреді. Өзі жұмақта жүр екен дейді. Кең жазықта үлкен ағаш, әдемі бұлақтар сылдырлап ағып жатыр. Әрі бері жүріп шаршайды. Қарны ашады. Бырақ ағаш пен судан басқа жейтін ешнәрсе жоқ. Дәл сол кезде қарсы алдынан бір періште кезігеді. Оған: - жұмақта неше түрлі тәтті тағамның бәрі бар дейтіні қане? Аштан өлейін деп жатырмын – дейді.
Періште: - иә рас айтасың. Бүгін кеште бір мүсәпірге бір табақ қатық беріп едің. Соны саған әкелейін – деп алдына бір табақ айран алып келеді. Бұның наны қайда? Деп сұрайды. Нанын берген жоқсың – деген жауап естиді. Содан барып: Е е Бұл дүниеде не жіберсең, соны қияметте табады екенсің ғой – деп ойлапты.


Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары