Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Байымайтын он түрлі еркек
23 тамыз, 2018 жыл 4589 Басып шығару нұсқасы

Ақша табу, көл-көсір байлыққа кенелу әрбір ер азаматтың ең басты арманы. Дегенмен, көптеген еркектер құлшынғанымен, сәтсіздікке жолығып жатады. Ал шындығында ақша табудың өзі ер-азаматтардың мінез-құлқына байланысы болып жататыны тағы белгілі. Ендеше, ақша таба алмайтын еркектер кімдер?

Жаңалық ашуға талпынбайтын, тәуекел бара алмайтын, батылдығы кемшін еркектер.
Ел сөзіне оңай иланғыш, өзіндік ойлау тәсілі жоқ. Жұрт сөзіне ере кеткіш еркектер.
Жанын қинамай, оңай олжаға батуды ойлайтын жалқау еркектер.
Басқалардың талғамын сарапқа салып, дұрыс айтылған ақылды қабылдамайтын, өзіндік жоспар, жобасы жоқ, менменшіл еркектер.
Арақ-шарапқа, той-томалақ, қонағасыларды сағалап жүретін, сауықшыл еркектер.
Өз отбасындағы шағын істерге кесім жасай алмайтын, отбасында өзіндік орны жоқ еркектер.
Шектен тыс атаққұмар, бет-беделшіл, еңбек етуді өзіне сөлекет сезінетін еркектер.
Біреуге сенбейтін, көзі тар, қызғаншақ, аса күмәншіл еркектер.
Орынсыз уәде бергіш, сөйте тұра айтқанын орындамайтын, табансыз, тұрлаусыз еркектер.
Отбасындағы бар ақшасын орынды жұмсауды білмейтін, ертесіне өз-өзіне есеп бере алмайтын еркектер.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары