Намаз оқып, құлшылық етіп жүрген пенденің көңіліне кірбің салатын жайттар көп. Көңілге түскен дүниелік заттар, «қолдың кірі» екені ұмытылып жатады. Соның әсерінен намаздар белгіленген уақытта оқылмай, осы дүниелік өмір тіршілігі бірінші кезекке шығып жатыр. Осы ретте намаз оқушы бауырларымызға төмендегідей ережелерді ұсынып отырмыз:
Таң намазына тұруға көмектесетін 6 ереже
Абу Хурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ): «Жамағатпен бірге оқылған таң және құптан намазына берілетін сый туралы білгендеріңде, онда еңбектеп болса да мешітке жеткен болар едіңдер», - деген екен. Абу Хурайра (р.а.) риуаят еткен тағы бір хадисте Пайғамбар (ﷺ) айтқан: «Жамағат намазы біреуіңнің жалғыз оқыған намазыңнан 25 есе артық және таң намазына түнгі періштелер мен күндізгі періштелер жиналады». Сосын Абу Хурайра (р.а.): «Қаласаңдар «Расында, таң намазына періштелер де қатысады»,- деген Исра сүресінің 78-аятын оқыңдар», - деді. (Имам Бухари, имам Муслим).
Бұл хадистерде таң намазын жамағатпен оқудың абзалдығы айтылып тұр.
Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы
Пікірлер