Жанқұттының әкесі Ботантай бай ауылының бір ақсақалына:
–Мына баламды Шабанбай шешенге ертіп барып, батасын алып қайт, - жеп жібереді.
Шабанбай Жанқұтты балаға бата бермей тұра сынап көрейін деп мынадай сұрақ қойыпты:
–Дүниеде не таза,не ауыр? – деген екен.
Жанқұтты ойланбастан судан таза еш нәрсе жоқ, су арамды кетіреді. Жерден ауыр еш нәрсе жоқ, жер жаһанды көтереді, - деген екен.
Жанқұттының жауабына риза болған Шабанбай жай қолыңды деп батасын беріпті:
Аллаға жағамын десең, азанды бол,
Ағайынға жағамын десең қазанды бол,
Халыққа жағам десең, әділ бол,
Судай таза бол,
Жердей көтерімді бол,
Айналаң толған суат болсын,
Бір сөзің халқыңа қуат болсын, - әумин депті.
Пікірлер