Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Омар (р.а.) неге біресе күліп, біресе жылады?
22 тамыз, 2018 жыл 540 Басып шығару нұсқасы

Омар (р.а.) баяғы надандық дәуірді еске алса, кейде күліп, кейде жылайтын екен. «Жылайтын себебім, - дейді екен сұраушыларға, - ол кезде иісі араб халқы қыз баладан обадан бетер үркетін. Тіпті қыздарды төрт-бес жасқа келгенде, тірідей көміп тастайтын. Осыны ойласам қамығып жылағым келеді. Ал, күлкім келетіні халық қамырдан пұт жасап. Соған табынатын. Бірақ, қарындары ашса, сол табынғандарын өздері жеп қоюшы еді».

Шейх Мұхаммед ибн Салих әл-Усейман (р.а.) айтты: «Кішкентай игі істер – судың тамшысындай. Әрине, егер ол амалдар, Алла бізді көріп тұрғанын, осы амалға разы болатынын сезініп, тек Алла разылығы үшін істелген болса. Егер бізде осы сезімдер әрдайым болса, Алла бұл тамшыны теңіздің суы етеді. Яғни, жақсы амал үшін сауапты 10-нан 700-ге дейін көбейтеді.  

Осы секілді топастық пен надандық танытпай, көзімізді ашып, көкірегімізді оятайық, мұсылман қандастар! Алланың рақымына бөленуді мақсат етіп, игі амалдар жасауға әрекет ету қажет. Көшеден өткенке көмектесіп, көршіге жылы сөйлеп, ауладағы қарт апа-аталарға қамқорлық ету, кішіге ізеттілік танытып, ілім үйрету, дұрыс тәрбие беру, үлкенді сыйлап, ата-ананы қуанту т.с.с. амалдардың барлығы да Алланың қалауымен істелсе нұр үстіне нұр болмақ.

Мешітке келіп, имамдардан ақыл сұрап, игі істермен шұғылданып жатқан бауырларымыз да көп. Алла ол кісілерге разы болсын! Барлық амалдарымыз тек Алланың разылығын алу мақсатын ғана көздеуі қажет. Барша мұсылманға сабыр мен ынсап беріп, Алла жар болғай!

 

Айтқазин Рауан

Балқаш қалалық орталық мешітінің наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары