Лондондағы мешітке жаңа имам тағайындалады. Имам қалаға бару үшін үнемі бір автобусқа мініп, бір шопырға дәл келеді. Бір күні шопыр билеттің артық ақшасын (ор.сдача) имамға беріп жатып 20 цент артық қайтарады. Имам ақшаның артық берілгенін орнына отырғанда ғана байқайды. Ішінен: “20 цент – түк емес, ақша деп те айталмайсын.. шопыр мұндай тиын-тебенді санамайтын да шығар.. оның үстіне автобус паркінің бір күндік табысы аз емес… 20 центке қарап қалатындай” деп ойлайды да, тиындарды Аллаһтың сыйы деп өзіне қалдырмақшы болады.
Автобус мешіттің алдына келіп тоқтайды. Имам есік жаққа жақындай бергенде пікірінен қайтып, шопырға: “маған артық ақша беріп қойыпсыз” деп, 20 центті қайтарады. Шопыр имамға күлімдеп қарап: “Сіз мешіттің жаңа имамы боларсыз, солай ма? Негізі көптен бері мешітіңізге кіріп дініңіз Ислам туралы мағлұмат алу үшін сізге жолықпақшы едім. Ақшаны әдейі артық бердім – не істейтініңізді байқап сынау үшін..”
Үлкен жауапкершілік жүгін арқалап, автобустан түскен имамның жүрегі көпке дейін дүрсілдеп тұрады. Басын көкке көтеріп: “Аллаһым, сәл қалғанда исламды 20 центке сата жаздадым!..” дегенде көздерінен мөлтілдеп жас ағады.
Ғаламтордан алынды
Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева
Пікірлер