Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зүл-Хижжаның алғашқы он күні немен ерекше?
22 тамыз, 2017 жыл 331 Басып шығару нұсқасы

«Фәжр» сүресінің 2-аятында айтылған «он түнді» ғалымдар Зүл-Хижжаның алғашқы он түні деп жорамалдаған. Зүл-Хижжаның алғашқы он күнінің сауаптылығын меңзеген Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаһ Тағаланың құзырында осы он күнде жасалатын салиқалы амалдардан сүйікті амал жоқ», - деген. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Аллаһ жолындағы соғыстан да жоғары ма?» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иә, Аллаһ жолында соғысудан да жоғары. Тек, малы мен жанын қауіпке тігіп, соғысқа аттанып, кері қайтпаған адамның соғысы басқа. (Ол бұдан да жоғары)», - деген (Бұхари: «Идәйн», 11). З
Зүл-Хижжаның бұл он күнінің сауаптылығы қажылық ғибадаттың осы айда атқарылуынан шығып отыр. Өйткені, қажылық ғибадаттардың жартысы осы күндерде, қалған жартысы осы он күннің артынан келетін тәшриқ күндерінде атқарылады.
Зүл-Хижжа айының тоғызыншы күні болған Құрбан мерекесінің арапасында ұсталған оразаның да сауабы көп екені риуаят етілген (Мүслим: «Сиам», 196).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары