Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сақинаның денсаулыққа пайдасы
08 тамыз, 2017 жыл 1114 Басып шығару нұсқасы

Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина я жүзік болуы керек деп санаған. Қазақ арасындағы «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей тіркесті ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқаратынын дәлелдейді деп жазады жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Мұның өзі халықтың сақина соғылатын күміс не алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа жағымды әсер ететінін ертеден-ақ аңғарғанын көрсетсе керек. Күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында оған сол үйдің үлкендері (енесі не абысыны) «Қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады. Олай болса, нәрестені қырқынан шығарғанда оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу дәстүрі оларды соған қатыстырып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осында асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.

Медициналық тұрғыдағы сақина салудың пайдалары жетерлік. Мәселен, саусаққа тағылған сақина – бүйрек, бауыр, өт, жүрек, жүйкеге тікелей байланысты жүйке нүктелерін дөп басып, бүкіл қан-тамыр жүйелеріне оң әсер етеді екен. Керісінше, сақинаны ұдайы кіші саусағына тағып жүрген адам артесклероз және гипертония кеселдеріне ұшырайды. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары