Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құрбандық малын сатып аларда саудаласу күнә ма?
07 тамыз, 2017 жыл 332 Басып шығару нұсқасы

Жасыратыны жоқ, елімізде Құрбан айт мерекесі жақындаған уақытта малдың бағасы шарықтап кетеді. Алып-сатарлар, делдалдар бір малдың өзіне ойына келген бағаны қойып, ұлық мерекені пайдакүнемдікпен пайдалануда. Осы ретте сұрайын дегенім, құрбандық малын сатып аларда саудаласу күнә ма? Мүмкін құрбандықтың орнына садақа берсек қалай болар екен?

Бақытбек, Жаңатас қаласы

Негізі құрбандыққа мал сатып алғанда, сатушымен саудаласуыңыздың шариғат бойынша ешбір ағаттығы жоқ. Маңыздысы – меңшігіңізге өткен, құрбандыққа жарамды малды сою.

Құрбан айт кезінде мал бағасы шамадан тыс шарықтап кететіндіктен сатушымен саудаласуға немесе арзандау жер іздеуге құқылысыз.

Ал енді «садақа «құрбан орнына» жүре ме?» деген сауалға келетін болсақ, құрбан шалудың шарты – малды бауыздап, қан ағызуында. Бұл дегеніміз – құрбандық болып есептелуі үшін міндетті түрде айт күндері мал сойылу керек деген сөз, малдың орнына оның ақшасын садақа етіп тарату арқылы міндетінен құтыла алмайды. Бұл пәтуа құрбан шалуға міндетті болған бақуатты кісілерге арналған.

Ал, сауап алғысы келген тұрмысы нашар кісінің – өз ықтиярында. Дегенмен, жылына бір рет келетін Құрбан айт мейрамында садақа етіп бергеннен гөрі құрбандық шалғаны дұрыс. Өйткені, құрбандыққа шалынған малдың әрбір қылшығы үшін сауап жазылатындығы хадистерде айтылған.

Тағы бір ескерер жайт, өзіңіздің орныңызға басқа бір адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай аласыз. Және ол құрбандықты сіз шалған болып есептелесіз.

 

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары