Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құлағына ен салынған мал құрбандыққа жарамды ма?
27 шілде, 2019 жыл 910 Басып шығару нұсқасы
Шалатын құрбандықтың құлағы кесілген болса, яғни ені салынған болса, ол жарамды ма? Тілік көлемі қаншалықты болуы керек? Ақылжан Мырзалин
 

Қадірлі Ақылжан, малды құрбандыққа жарамды деуіміз үшін шариғатта  көрсетілген кемшіліктерден ада болуы шарт[1].  Сол кемшіліктердің бірі болып малдың құлағы мен құйрығының кесілгендігін айтамыз.  Өйткені, Әзірет Әлидің: «Пайғамбарымыз (с.а.у) бізге құрбандық малының екі көзі мен екі құлағы сау болуына мұқият қарауымызды бұйырды» [2], – дегендігі риуаят етіледі.    +

Сондықтан, құлағы мен құйрығының жартысынан астамы кесілген болса,  ол мал құрбандыққа жарамсыз, ал  жартысынан аз кесілген болса, құрбандық ретінде шалуға рұқсат. Бұл Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің тұжырымы[3].

Ендеше, ен салынған малдың құлағының жартысынан көбі аман болса, ол мал құрбандыққа жарамды.

[1] Құрбанға жарамды мал жайында мына сілтемеге кіріңіз: http://muslim.kz/kk/question/46-qurbandyqqa-qatysty-qoiylatyn-suraqtar.html
[2] Тирмизи, әд-захия – 1503 хадис.
[3] Әбу Ханифа бойынша үштен бірінен көп кесілсе жарамсыз.  Десе де,  Әбу Ханифа екі шәкіртінің пікірін құптағандығы  деректерде бар.  Әб-Биная – 12/37 бет.
muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары