Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үйіңізде тәспі бар ма? Онда біліңіз!
01 тамыз, 2017 жыл 7321 Басып шығару нұсқасы

Тәспі бүгін де жаңалық емес. Мұхаммед Пайғамбарымыздың кезінде-ақ тәспі қолданылған. Және Алланың елшісі тәспіні қолдануды құптаған.

1 хадис:

Тақуалардың анасы Сафийя мына оқиғаны жеткізеді:

«Бірде маған Алланың елшісі келді. Менің алдымда төрт мың құрма сүйегі жатыр еді. Мен олармен Алланы зікір ететін едім. Мұны көрген Алланың елшісі: «Саған Алланы бұдан да көбірек еске алуды үйретейін бе?»-деді. Мен үйретуін сұрадым. Ол: «Алла Тағаланың жаратқаны қаншалықты болса Ол соншалықты Қасиетті және Пәк»-деп айт» деді»

2 Хадис:

Са'д ибн Әбу Уаққас бірде Алла елшісімен бірге бір әйелге кіріп шыққан оқиғасын баян етеді. Ол әйелдің алдында Алланы зікір етуге арналған сүйектер мен тастарды көрген Алла елшісі: «Саған бұдан жеңілірек болатын дүниені айтайын ба? «Алла Тағала Өзінің көкте жаратқандары қаншалықты болса соншалықты қасиетті және пәк, жерде жаратқандары қаншалықты болса соншалықты қасиетті және пәк, олардың арасында жаратқаны қаншалықты болса соншалықты қасиетті және пәк, тағы жарататыны қаншалықты болса соншалықта қасиетті және пәк» деп айт. «Алла ұлық» дегенде, «Аллаға шүкір» дегенде және «Алладан басқа тәңірі жоқ» дегенде де осыларды қайтала»-деген.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары