Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күйеуің үйге көңілсіз оралып жүрсе
19 шілде, 2018 жыл 586 Басып шығару нұсқасы

Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу керек? Бұл сауалға писхолог Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы жауап береді деп жазады anabol.kz.

Жұмыстан келген жұбайыңыздың қабағы қатулы екенін байқадыңыз ба, дереу дастархан жайып, алдына ас алып келіңіз. Аш адам ашуланшақ келеді. Кейбір еркектердің ашуы аспен тарайтындығын ұмытпаңыз.

 
 
 
 

 

• Көңілсіз күйеуіңіздің көңіл-күйін қызықты жайттарға аудара біліңіз. Немесе бүгінгі күніңіздің қалай өткенін, балаларыңыздың тәтті қылықтарын айтып беріңіз. Ол үшін жанұясы-жанға жайлы демалыс болсын.

• Онсыз да ойы онға, санасы санға бөлініп отырған оған отбасындағы жетіспеушіліктерді айтып,еңсесін басқан жүкті ауырлатпаңыз. «Алтынайдың күйеуі машина мініп алыпты. Майраға күйеуі туған күніне қымбат алқа тарту етіпті...» деген сөздерді айта көрмеңіз.

• Жылы сөзіңіз де оның өмірге деген құштарлығын арттыратындығы есіңізде болсын. Кейде әйел адамның өзі де қатты сөздерімен немесе ақымақтықпен істеген ісімен еркекті ренжітіп алып жатса, дереу жылы жымиып, тәтті сөздерді төге салғанға не жетсін. Сонда ғана отбасында сыйластық болады. Ең дұрысы, қандай жағдайда да, әйелдің әрдайым жылы сөзі дайын тұрғаны абзал. Оның жақсы қасиеттерін сөз қылып, сақтап та қоюды естен шығармаңыз. Отбасындағы өткен көңілді, бақытты сәттерді еске түсіріп, күйеуіңізді алда болар қуаныштармен серпілтіңіз.

• Оны қатты сүйетініңізді, өте құрмет тұтатыныңызды, бағалайтыныңызды жиі-жиі айтып отырыңыз. Сүйіспеншілік те күйзелісті қуады.

• Күйеуіңізді көңілсіздік жайлағанда кішігірім ерекше сыйластық жасаңыз. Кешкі асты кафе, ресторанда ішкен де оның көңілін көтеруі мүмкін.

• Мұңға батқан күйеуіңізді жалғыз тастап кетпеңіз. Мүмкін, ол жақын араласатын досымен әңгімелескенді ұнататын шығар, досын үйге шақыруыңызға болады.

anabol.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары