Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тозақтан азат болатын күн қайсы?
07 ақпан, 2019 жыл 397 Басып шығару нұсқасы

Алла Елшісі (ﷺ) мұсылман күнтізбесінде қасиетті саналатын Зул-хижжи алғашқы он күні жайлы былай деген: «Алла алдында зул-хижжа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ» (Бухари). Тағы бір хадисте былай келеді: «Алла үшін зул-хижжаның он күнінен ұлығырақ күндер және (сол күндерде істелген) амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ. Ендеше, осы күндерде «Субханаллаһ» (Алла пәк), «Әлхамдулилләһ» (Барлық мақтау-мадақ Аллаға тән), «Лә иләһа илләлләһ» (Алладан басқа құлшылыққа лайық Тәңір жоқ), «Аллаһу акбар» (Алла ұлы) сөздерін айтуды көбейтіңдер!».

Бұл хадиске сүйеніп ғалымдар, аталған 10 күнді істелген ізгі амалдардың сауабын көбейтетін ардақты күндер екендігін айтқан. Хунайд ибн Халидтің әйелі Пайғамбарымыздың (ﷺ) жұбайларының бірінің айтқан сөзін келтірген: «Алланың Елшісі (ﷺ) Ашура күні, Зул-хажжа айында тоғыз күн, әр айда үш күн және де дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстайтын» (Абу Дауд, ән-Насаи, Ахмад, әл-Байхаки).

Қасиетті Құрбан айт мерекесі осы он күндіктің ең соңғы күндерінде тойланады. Яғни, Арафат күнінде Құрбан айтқа қараған түні ауыз бекітіп, нәпіл намаздың санын арттырып, Аллаға шын ықыласпен құрбандық шалу сауабы мол ізгі амал болмақ. «Фәжр» сүресінде Алла Тағала: «Он түнімен ант етемін» деген. Осыдан, он күннің түндеріндегі құлшылықтың маңызды екенін ұғуға болады. Арафат күні мұсылмандар үшін ерекше күн. Осы күні: «Бүгін сендерге діндеріңді толық қылдым және нығметімді аяқтадым. Сондай-ақ, сендерге ислам дінін қош көрдім» деген «Маида» сүресінің 3-аяты түскен. Алла Елшісі (ﷺ): «Алла Тағала Арафат күні азат қылғанындай пенделерін тозақтан көбірек азат қылатын күн жоқ. (Ол күн) Алла Тағала жақындайды, сосын періштелерге (көрдіңдер ме) пенделерім не істеп жатыр деп мақтанады», - деген (Муслим).  Олай болса, осы күні құлшылығымызды арттыратын ізгі амалдарды көбейткен абзал: Аллаға мадақтар айтылып,  Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтылғай. Нәпіл намаз оқылып, ораза ұстап, садақа берген жөн болмақ. Құран оқып, жүзімізді нұрландырайық. Арафат күні ауыз бекіткен жанның осы күнге дейінгі бір жылдық және осы күннен кейінгі бір жылдық күнәлары кешіріледі екен. Абу Катада пайғамбарымыздың (ﷺ) былай дегенін жеткізген: «Алла Тағала Арафат күні ұстаған оразаға өткен және келер жылдың күнәларын кешірілуіне сауап жазады» (Муслим). Имам Бухари жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (ﷺ): «Дұғалардың ең жақсысы – Арафат күнінің дұғасы...» деген.

Осындай игі қасиеттерге толы Зул-хижжа айын құрметпен қарсы алып, сауабы мол амалдар жасау барша мұсылманға нәсіп еткей!

Төлтаев Ербол Мұқанұлы

Балқаш қалалық орталық мешіттің бас имамы

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары