Әр-бір мұсылман баласы үйін кіршіксіз ұстаумен қатар, қоршаған ортаны да таза ұстауға, су көздерін ластамауға тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоршаған орта тазалығына тиісінше көңіл бөлген. Мұсылмандар да әрдайым бұл ескерту, ұсыныстарға сай болуға тырысқан. Ол (с.ғ.с.) ағаштың түбіне, көлеңке, сая жерлерге, бұлақ көздеріне, көлдерге, жолға, жан-жануарлардың ұясына, ініне дәрет сындыруға тыйым салған.[18] Алла Елшісі (с.ғ.с.) бір жолы: «Лағынетке ұшырағандардан болудан сақтаныңдар» дегенде, сахабалар: «Олар қандай адамдар?» – деп сұрайды. Пайғамбырымыз болса: «Көпшілік жүретін жолға, саялы көлеңкеге, суға және ағаштардың түбіне дәрет сындырып былғайтындар»,[19]– деп жауап береді. Демек, қоғамдық орындарды түкірік, қақырық, маңқа, зәр және нәжіспен ластаған адамның дүние мен ақыретте лағынетке ұшырайтындығы анық. Рақым пайғамбары адамдарға зиян тигізер не нәрсенің дереу жойылуын қалайтын әрі мұны иманның бір бөлшегі санаған.
[19] Mүслим, Ибн Mәжә, M. Зәуаид, Фaик.
Пікірлер