Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күннің қызуымен жылыған суға бұлай жасамаңыз
24 шілде, 2017 жыл 1264 Басып шығару нұсқасы

 Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Сіздерге қоятын саулым бар еді: Күнде жылынған сумен дәрет алуға бола ма? Екінші сауалым: Өтелмей қалған (науқастанып) екі күндік намаздың орнын толтыру үшін нәпіл намаз оқыса бола ма? Әлде, қазасын өтеу керек пе?  

Әсел

 

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабы мен Шафиғи мәзхабында күнге жылынған сумен дәрет алу «жеңіл мәкрүһ»[1]. Яғни, оны қолданбаған адамға сауап бар, қолданған кісіге күнә жоқ[2]. («Мәкрүһ» санаймайтын ғалымдар да баршылық). 

Өйткені, аталған үкімге арқау бола алатын тек бір риуаятты атауға болады. Ол рияуаятта Әзіреті Омар: «Күнге жылынған сумен жуынбаңдар. Шынында ол – алапес ауруын тудырады», - деген екен. Сахаба сөзі кейбір беделді хадисшілер тарапынан «қуатты» деп есептелген[3].   

Ал, одан басқа осы мәселе төңірегінде Айша анамыздан риуаят етілген хадис «тым әлсіз» деп танылып, негізсіз саналған[4]. Ханафи ғұламасы, хадисші әрі фиқһшы Имам Зайлағи «Насбур риуаясында» бұл хадистің Айша анамыздан бес түрлі жолмен жеткендігін айтады. Алайда, бесеуінің де «тым әлсіз» екендігін сол жерде ашық көрсетіп өтеді[5]. Сондықтан да, ондай суды қолданбау абзал болғанымен, қолданған кісіге де күнә жазылмайтындығын ескерген жөн. Яғни, "жеңіл мәкруһ". 

Және айта кету керек, оның мәкрүһтігі Хижаз секілді аптап ыстық боп тұратын жерлерге қатысты. Салқын аймақтағыларға қатысы жоқ. Сондай-ақ, мыс, темір, қола т.б. металдан жасалған ыдыста жылытылған болуы шарт. Ал, одан басқа пластмас т.б. ыдыстарда жылыған сулар мәкрүһ емес.  

Ендігі жерде, кейбір мәзхаб ғалымдарының «бұл – шариғи пәтуа емес, тыбби  (медициналық) пәтуа» деген сөздерін назарға алар болсақ[6], бұл мәселеде медициналық зерттеу нәтижесіне үңіліп, соған орай белгілі бір тоқтамға келу де қате болмайды. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Екінші сұрағыңызға келер болсақ, екі күн бойы оқи алмаған намаздарыңыздың қазасын өтеу керексіз. Қаза болған намаздардың өтемі тек, қазасын оқу арқылы ғана жүзеге асады.


[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтар – 1/602 бет.
[2] Абдул Ғаффар: Шарху мутуни Әби Шүжағ.
[3] Ибн Хажар әл-Асқаләни: Тәлхис – Китабут тахарат.
[4] Аталмыш риуаятта, Әзіреті Айша Пайғамбарымызға (с.а.у.) арнайы суды күнге жылытады. Оны көрген Алла елшісі: «Уә, Хумайра. Олай істеме. Шынында ол – алапес ауруын туғызады», - деген екен. Даруқутни – 83/3.; Алиуль Қари – Мирқат.
[5] Имам Зайлағи, Насбур риуая. Китабут тахара.
[6] Хашияту Дусуқи, «Бәбу Әхкәмит Тахарати». 

Абдусамат Қасым
islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары