Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл кезде балаңнан бөлек жат
18 шілде, 2017 жыл 724 Басып шығару нұсқасы

Әрине, бала ананың мейіріміне тойып өсуі керек. Ана мейіріміне бөленген бала қайырымды перзент болып тәрбиеленеді. Алайда, баланы жеті жасқа дейін бөлек жатуға дағдыландыру қажет. Ал, он жасқа толған баланы анасының жанына алып жатуы дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «...олардың (он жасқа толғанда) төсек орындарын бөлек етіңдер[1]»,–деген.

Ибн Абидин (р.а.): «Он жасқа толған балаға анасы, әпке-қарындасы және де басқа әйел затының жанына жатуға тыйым салынады[2]»,–дейді. Төсек орнын бөлек етудегі мақсат мәлім. Он жастағы бала жыныстық жағынан дами бастайды. Ұйқы кезінде денесі немесе қолы байқаусыз тиіп кетуінің өзі бейәдеп әрекет. Имам ән-Науауи де: «Ер кісі мен ер кісі, әйел мен әйел бір төсекте жатуына болмайды. Ұл немесе қыз бала он жасқа толса анасы, әкесі, әпке-қарындасы және аға-інісінен бөлек жатуы керек[3]»,-дейді.


[1] Әбу Дауд
[2] Хашиат ғала Дурри әл-Мұхтар, 6/382
[3] Раудат әт-Толибин, 7/28

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары