Қоқысты жынның мекені деседі. Оның намаз оқитын адамға да зияны тие ме?
Жындар да адамзат сияқты мұсылман және кәпір болып бөлінеді. Қасиетті Құранда: «Бізден (жындардан) мұсылмандары да, туралықтан адасқандары да бар»[1] делінген. Сондай-ақ, бүкіл жер жүзі жынның мекені. Көп жағдайда олар дәретхана, қоқыс төгілген жерлерді мекендейді.
Бір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Сендер ол екеуімен (сүйек және тезекпен) дәрет құрғатпаңдар. Өйткені, ол екеуі бауырларыңның (жынның) тағамы»[2] деп қоқыс тасталған жерді басу, дәретпен ластау жынның ашу-засын келтіріп, адамға зиянын тигізетінін айтады.
Сондықтан аталмыш хадистерге көңіл бөлумен қатар үнемі дәрет алып жүрген, таңертең және кешке «Ықылас», «Нас» және «Фәлақ» сүрелерін үш реттен оқыған дұрыс болады. Сондай-ақ, қоқыс төгілген жерден өткенде, дәретханаға кірерде «Уа, Алла тағалам! Өзіңнен жын-шайтанның кесірінен сиынамын» деген сияқты дұғаларды әрдайым оқып жүруді де ұмытпаған жөн.
Абдусамад Оқан
Пікірлер