Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қабірдегі адамды жер сығатыны рас па?!
23 тамыз, 2018 жыл 1175 Басып шығару нұсқасы

Келесі бір хадисте: «Мәйіт қабірге көмілгеннен кейін біреуі - Мункәр, екіншісі - Нәкир деп аталатын қара көк түсті екі періште келеді де, қабірдегі кісіге: «Анау Мұхаммед (с.ғ.с.) деген кісі жайында не айтасың?» - деп сұрайды. Ол: «Ол Алланың құлы және Елшісі. Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның құлы және Елшісі екендігіне куәлік етемін» деп жауап береді. Бұдан кейін екі періште: «Біз сенің осылай айтатындығыңды білген едік», - дейді. Содан кейін олар оның қабірін жетпіс құлаш кеңейтеді. Кейінірек ол мәйіттің қабірін жарық қылады. Ең соңында періштелер мәйітке: «Жат, ұйықта», - дейді. Періштелер оған: «Сен төсектес болған (әйелің) және ең көп жақсы көрген кісі жағынан ояндырылатын махшар күніне дейін ұйықтай бер», - дейді. Егер өлген кісі мунафиқ болса, періштелерге былай деп жауап береді: «Елдің Мұхаммед жайында бір нәрселер айтқанын естідім. Мен де солар сияқты айттым. Одан басқа ештеңе білмеймін». Періштелер оған: «Осылай дейтініңді білген едік», - деседі. Содан кейін қара жерге: «Мына адамды сыға алғаныңша сық», - дейді. Қара жер оны сыққан сайын сыға түседі. Сыққандығы соншалық, сүйектері сырқырап кетеді. Әлгі бейбақ махшар күніне дейін қабірде осылай азап шегеді»[9]

Тирмизи, Жәнәиз, 70

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары