Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Соңғы деміңде өлім періштесі көзге осылай көрінеді
03 шілде, 2017 жыл 3128 Басып шығару нұсқасы

Өлім періштесі басты төрт періштенің бірі. Оның міндеті - ажалы жеткен адамдардың жанын алу.  Рухани жаратылыс болғандықтан ол түрлі кейіптерге өзгере алады. Әзірейіл адамның іс-әрекеті мен сеніміне қарай түрлі кейіпке енеді. Тақуа адамға жарқын кейіпте келсе, сенім келтірмегендерге қорқынышты кейіпте көрінеді.

 Бір аятта мынадай оқиға баяндалады:

Ибраһим Пайғамбар: «Ажалы жеткен жандарға көрінетін кейпіңде маған көріне аласың ба?»-деп сұрайды. Әзірейіл: «Сен мұны көтермейсің»-деп жауап береді. Бірақ Ибраһим Пайғамбар: «Жоқ, мен шыдаймын»-дейді. Сонда Әзірейіл: «Жүзіңді менен бұр»-дейді.

Ибраһим Пайғамбар Әзірейілге қайта бұрылғанда үрейден есін жоғалтады. Себебі Әзірейіл оған шашы жалбыраған, жағымсыз иіс мүңкіген, қара киім киген, ауызы мен мұрнынан от пен түтін лаулаған адамның кейпінде көрінген еді.

Ибраһим Пайғамбар өз-өзіне келгенде: «О, Әзірейіл! Егер сен дінсіз адамға өлім сәтінде осылай көрінсең мұның өзі оған жеткілікті болады»-дейді.

Содан кейін Әзірейілден тақуа жандарға қандай кейіпте көрінетінін сұрайды. Әзірейіл: «Теріс бұрыл»-дейді.

Ибраһим Пайғамбар қайта бұрылғанда Әзірейілді әдемі киінген, иісі жағымды жас жігіттің бейнесінде көреді. Сонда ол: «Тақуа тіпті өлім сәтінде сенен өзге ештеңе көрмесе де, бұл оған жеткілікті болады»-деген екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары