Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл кезде шайтан сенің көзіңнен сүйеді екен. Қараңыз!
03 шілде, 2017 жыл 3479 Басып шығару нұсқасы

 Иә, естіген құлаққа түрпідей тиеді екен. Ислам көркем дін болғаннан кейін, әлбетте жақсылықты ғана жар салып айтқың-ақ келеді. Алайда, мынаны оқып қазіргі заманда көпшілігіміз шайтанға көзімізді сүйгізіп қойып жүрген жоқпыз ба, деген сауал қылаң бергені. Олар кімдер? Алла елшісінің ﷺ  айтқанындай: «Кімде-кім егде тартқанға дейін өмір сүріп, бірақ соған дейін ешқандай қайырлы іс жасамаса, шайтан көзінен сүйетін», -көрінеді. Бұл - азғырушы шайтанның білдірген қошеметі. Яғни, белі бүкірейіп, қартайған шағына дейін маңдайы бірде-бір рет сәждеге тимеген, исламның бұйырғанына құлақ аспаған жандар. Осыны көрген шайтан байғұс: «Сен күннен-күнге маған ұқсап келесің», -деп мәз болады екен.

Жоғарыда айтып өткен хадистің жалғасында Расулаллаﷺ  сөзін былайша сабақтайды: «Шайтан қырықтың қырқасына шыққан адамдар өмірінде жақсылықтан гөрі, зұлымдық көп жасаса, соның көзінен сүйеді». Бұл дегеніңіз, уәсуәстардың дегініне көніп, оны дос тұтқан жандар. Ал, Қиямет күні сауаптар жасаған жақсылықтар мен шынайы құлшылықпен еселенетінін ескерсек, кәрілік келмей тұрғанда қайырлы амал жасауға асыққан абзал. Ертең есеп берер күні шапағатшы болар Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ да үмбеті үшін алаңдағандықтан, осы өсиетін қалдырған. 

Алла Тағала барша мұсылманға ізетті амалдар жасауды жазғай!

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары