Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сақ бол! Балаң қарбызды әлі жемесін!
01 шілде, 2017 жыл 184 Басып шығару нұсқасы

Елімізде қауын-қарбыздардың алғашқы легі сатылымға шыға бастады. Мамандардар бұл жемістерді шілденің ортасынан бастап алуға кеңес береді.

Көп адамдар шөлін қарбызбен қандырғысы келеді. Сондықтан біз бұл жемісті қалай дұрыс таңдау керектігін айтып өтейік:

  1. Жол бойында сатылып тұрған қауын-қарбызды сатып алмаңыз. Өйткені, бұл жемістер газдан бөлінетін улы затттарды тез сіңіреді. Қарбызды сауда үйінен, дүкендерден, талапқа сай келетін орындардан алған жөн. Сатушыдан санитарлы сараптама нәтижесін сұраудан да ұялмаңыз.
  1. Жемісті сатып аларда оған мұқият қарап алыңыз. Жеміс жарылған не майысқан болмауы керек.
  1. Піскен қарбызды түртіп көргенде жаңғырған дыбыс береді. Ал, қарбызды жоғарыдан, төменнен сәл қысқанда жарылып кетсе, онда піскен деген сөз.
  1. Әр қарбыздың жанында ізі болу керек. Ол қарбыздың жерде пісіп жатқандағы жатқан орны. Егер қарбызды піспей тұрып жинап алса, оның ізі ақ, ал піскенде жинаса ізі сары болады.
  1. Қарбыздардың да аталығы мен аналығы болады. Аталығының жоғары жағында бұйраланған құйрығы болады. Әрі көлемі үлкен келеді. Ал, аналығы кішілеу болады. Аталықтарынан қарағанда аналығы дәмдірек болады.
  1. Көп сатушылар қарбызды төртбұрыштап кесіп, ішінің қызыл екенін көрсетіп жатады. Бірақ, мұндай қарбыздарды сатып алудың қажеті жоқ. Өйткені, сатушының пышағы арқылы бактериялар жұғуы немесе базардан үйге әкелгенше ластануы мүмкін.

Айта кетейік, Атырауда қарбыздарды тексеру кезінде ондағы химикаттар санының 4-5 есеге көп екені анықталған.

stan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары