Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қарақшыдан қорқып Құран оқыған қыздың жанында екі жігіт пайда болды
26 маусым, 2017 жыл 1536 Басып шығару нұсқасы

Медреседе оқып жүрген Аматулла  есімді мұсылман қыз сабақтан кейін жалғыз қайтатын болды. Қараңғы да түсіп кеткен болатын, анасы алаңдамас үшін үйге тезірек жетуді ойлады. Қыз баланың алдында екі таңдау тұрды: ұзақ жүруге тура келетін, бірақ қауіпсіз жол. Ал, екіншісі жол қысқартып саябақ арқылы өту. Аматулла анасы уайымдамасын деп қысқа жолды таңдады. Саябақ іші тым-тырыс. Жарты жолға жеткенде, артынан бейтаныс ер адамның еріп келе жатқанын сезді. Иманын шүберекке түйген қыз жүрісін тездетіп, ішінен «Аят-әл-Курси» аятын қайталап оқи берді.

    Ақыры әлгі күдікті жетіп алып, қызбен қатарласа жүрді. Алайда, таңқаларлығы мұсылман қыздың жүзіне қарады да, бұрылып кете барды.  Құтқарып қалған Аллаға сан мыңдаған шүкіршілігін айтып, аман-есен үйінің жанына жеткенде, анасын көреді. Шыдамы таусылып қызын күтіп тұрған ана Аматулланы көре сала көз жасын көл қылып, жүгіріп шықты. «Қызым-ау аманбысың?! Аллаға шүкір!» деп құшақтай алды.

Анасының жағдайын көріп, түсінбеген қыз: «Анашым не болып қалды?», - деп сұрады. Анасы: «Сен келген жолда, көрші қызға бұзақылар зорлық-зомбылық көрсетіпті» деп көз жасын тыя алмады. Ертеңінде полиция қызметкерлері Аматулланың үйіне хабарласып, бірнеше күдіктілерді ұстағанын айтып хабарласты. Сол күні көрші қызды қылмыскердің түрін түстеу үшін шақыртқан. Аматулла да көршісіне қолдау көрсетейін деп, полиция бөлімшесіне бірге барды. Ол өткен күнгі артынан аңдыған жігітті бірден таныды. Ең қорқыныштысы көрші қыздың да, өзін жәбірлеген деп көрсеткен адамы да сол болды. Өз кінәсін мойындаған қылмыскер, ол қызды Аматулла өтіп кеткеннен кейін кезіктіргенін айтты.

Полиция одан: «Сонда қалай болғаны? Бірінші кездескен қызға қолыңның ұшын тигізбедің, айналып өтіп келесі қызға озбырлығыңды көрсеттің» деп таңқала сұрайды.

Мен ақымаққа ұқсаймын ба?»- деді жәбір көрсетуші. – Бұл қыздың екі жанында нардай екі жігіт кетіп бара жатты емес пе», - деп жауап қатты.

«Мен жалғыз болдым...», - деп Аматулла таңырқап қалды. – Мен тек анам үйреткендей, пәле-жаладан қорғайтын «Аят-әл -Күрсиді» оқыған едім.

 

Сайтқа дайындаған Гүлім Аятай

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары