Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұру қажет пе?
12 маусым, 2018 жыл 1835 Басып шығару нұсқасы

Айт мерекесі күні Рамазан күндеріндегідей сәресі ішудің қажеті жоқ. Тек таң намазына тұрасыздар. Дегенмен, айт намазына келер алдында, тақ санды құрма жеп шығу сүннет болып табылады.

Егер кімде кім сәресі ішкен болса, я болмаса айт намазы алдында тамақтанған болса, бұған да тиым салынбаған.

Сонымен қатар, осы күні ғұсыл алып, мерекелік намазға мерекелік киімде келуді және әтір себінуді ұмытпаңыздар. Туыстарыңызды зиярат етіп, сыйлықтар жасап, айналаңызға қуаныш сыйлаңыздар.

Ораза айт мерекесі бір күн. Осыдан соң Рамазан айындағы қаза болған күндеріңізді өтеп, Шәууәл айындағы ерікті болып табылатын алты күндік оразаны ұстауларыңызға болады. Алты күндік оразаны қатарынан ұстау міндетті емес. Бұл алты күнді ай арасында ұстауға да болады.


[1] Тирмизи сүнәні – Китабус саум - №773 хадис.
[2] Тухфәтул Әхуәзи (Тирмизи шархы) – Китабус саум - №773 хадис түсіндірмесі.

Абдусамат Қасым

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары