Исламнан бұрын деп жалпы жер бетіндегі
адамдардың, атап айтқанда арабтардың өмір сүрген жәһілет
дәуірін айтады. Сол кезде адамдар пайғамбарлардың келуі
тоқтаған және тура жолдың жоғалған кезеңінде еді. Аллаһ
Тағала оларға қарап хадисте айтылғанындай олардың ішінен
кітап иелерінің қалдықтарынан басқа арабтарды да, араб
еместерін де жақтырмады. Сол уақытта әйел адам әсіресе
араб елдерінде көбінше өте қиын кезеңде өмір сүрген еді.
Арабтар қыз баланың дүниеге келуін жақтырмайтын,
олардың кейбіреулері оны топырақ астында өлсін деп тірідей
жерге көметін болған. Кейбіреулері оны Құранда
айтылғанындай қорлық-зомбылық пен қиыншылық өміріне
тастап қоятын еді. Аллаһ Тағала айтады:«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе,(әйелінің қыз тапқанын естісе) оны ашубасып, беті қап-қара бола бастайды.Өзіне келген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап
ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе?-дейді.
Олар нендей жаман үкім береді»[1]
«Тірідей көмілген қыздың қандай күнәсі үшін өлтірілгендігн сұраған кезде »[2]
Егер жаңадан туылған қыз тірідей топырақ астына
көмілуден аман қалса, ол қор болып өмір сүретін еді.
Оған өзінің бір туысы өлсе, егер сол туысының малы
Қандай көп болса да, және ол қыз пақырлық пен
мұқтаждықтан қандай қиналып жүрсе де, оған
туысының малынан ешқандай мирас берілмейтін.
Өйткені олар мирасты тек еркектерге беретін. Ал әйел, егер оның ері өлсе оны ерінің туыстары малды мирасқа бөліп алғандай бөліп алатын еді. Бір еркектің қол астында көптеген әйел өмір сүретін болған, өйткені еркектер әйелдердің сол себепті таршылық пен зұлымдықты тартып жатқандарына
қарамастансан шектемей әйелдерге үйлене беретін
еді.
Ислам келіп әйелді бұл зұлымдықтан құтқарды
және оған адамзат есебіндегі құнын қайтарып берді. Аллаһ Құранда былай дейді: «Әй адамдар! Шындығында біз сендерді бір [3]
еркек және бір әйелден жараттық»
Аллаһ Тағала әйелдің адамзаттың бастапқы
жаратылуында еркектің серігі екендігін айтты, сол сияқты әйел еркекке амалдағы сауап пен жазада серік екенін баяндады:«Ер немесе әйелден кім иман келтірген бойда ізгі амал істесе, әлбетте оған жақсы өмір сүргіземіз, әрі олардың сауаптарын істегендерінен жақсырақ қылып береміз» [4]
«Аллаһ мұнафық еркектер мен мұнафық
әйелдерді, мүшрік еркектер мен мүшрік әйелдерді азаптауы үшін» [4]
Аллаһ Тағала әйелді өлген ерінің мирасына
жатқызуды арам етіп былай деді: «Ей момындар, сендерге
әйелдерді мәжбүрлеп мирас етіп алуларың дұрыс емес»[6]
Сөйтіп Аллаһ Тағала әйелге жеке бас бостандығын
беріп, оны мирасқа берілетін емес, керісінше мирасқа ие
болатын және өз туысқанының малынан мирас алуға ақылы
қылды. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай дейді:«Еркектерге ата-
аналары мен жақын туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Әйелдер үшін де ата-аналары және жақын-туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Бұл үлестер аз-
көптігіне қарамастан, парыз етілген ақылардан»[7]
«Аллаһ перзенттеріңе тиісті мирас турасында бір ұл үшін екі қыз үлесі, не барабар мирас беруді әмір етеді.
Егер, мирас алушылар екіден артық қыз болса, оларға ата-аналары қалдырған нәрсенің үштен екісі, егер жалғыз қыз болса, оған мирастың жартысы тиеді»[8]
[1]Нахл. 58-59
[2]Текуир. 8-9
[3]Құжырат. 13
[4]Нахл. 97
[5]Ахзаб.73
[6]Ниса. 19
[7]Ниса. 7
[8]Ниса. 11
Пікірлер