Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бүгін Алланы көбірек еске аламын
12 қыркүйек, 2022 жыл 1044 Басып шығару нұсқасы

Алланы еске алу – Оның дана шешімдерін мақтау, Оның мінсіз сипаттарын мадақтау, Оның көркем есімдерімен дұға тілеу;
Алланы еске алу – Оның бұйрықтарын орындау, тыйғанынан алыс болу;
Алланы еске алу – Оның сансыз мейіріміне жүрекпен, сөзбен, іспен алғыс айту;
Алланы еске алу – Оның жақын екенін ұмытпау.
Біз не жасасақ та, не айтсақ та, не ойласақ та, Ол өзінің білімімен, құдіретімен барлығын да Білуші. Ол біздің әрбір көзқарасымыздың өзінен хабардар, ісімізді бізден жақсы біледі. Алланы нығметтері мен мұғжизаларына ой жүгірту арқылы еске алуға болады. Себебі, күллі жаратылыс Алланы нұсқайды. Біз бұл нығметтерге лайықты ісіміз үшін емес, Алланың мейірімі мен рақымының арқасында ие болдық. Алланы өміріміздің әрбір сәтінде - киім кигенде, тамақ ішкенде, төсекке жатқанда, тұрғанда, көлікке мінгенде, үйге, әжетханаға кіргенде, шыққанда еске алуымыз керек. «... Алланы көп еске алушы ерлер мен Алланы көп еске алушы әйелдерге кешірім әрі ұлы сый дайындады» («Азхаб» сүресі, 35-аят). Жер мен көктердің қазыналарының иесінің сыйлығын елестету мүмкін емес! Ұлының ұлы сыйлығы ғажап болары сөзсіз. Бұл сый екі дүниеде де иесін табады.
Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) айтуынша, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барлық қалпында Алланы еске алумен болған екен. Бір адам Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Жәннатқа апаратын амал қандай?" деп сұрағанда «тілің Алланы еске алудан құрғамасын», - деп жауап қатқан. Бір хадисте Жаратқанды еске алу алтын мен күмісті жұмсағаннан да қайырлы екені айтылады. Алла Елшісі зікір айтылатын, яғни, Алла туралы айтылатын мәжілістерді жақсы көретін. Зікір айтылатын жиналыстар – жердегі Жәннат бағына теңестірілген. Мұндай кезде Алла өз құлдарымен мақтанады. Сондай-ақ, хадисте Аллаға мақтау-мадақ айтқан пенделерді іздеп жүретін періштелердің болатындығы айтылады. Періштелер құлдарының әрекетін айтқанда Алла: «Мен олардың күнәсін кешіргендігіме куәлік етемін»,- дейді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары