Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қадір түнінде оқылуы тиіс дұға осы
17 маусым, 2017 жыл 13469 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Қадір түнінде еліміздің барлық мешіттері ашық болады. Мешітке келіп, уағыз тыңдап, нәпіл намаздар оқып, мешіттегі діни кітаптармен танысу уақытты тиімді пайдаланудың ең тиімді жолы. Онда жайдан-жай отыруға немесе әңгіме айтуға болмайды. Басқаларға бөгет жасап, сондай-ақ тамақ әкеліп, осында тамақтанудың қажеттілігі жоқ. Себебі Қадір түнін мешітте ауыз ашар мен сәресі беріледі. Қадір түнін үйде қарсы алатындар, әйел кісілер ғибадаттарын шын ықыласпен жасауға тырысуы дұрыс. Тұрмыстың кикілжіңдерін шетке ысырып қойып, бұл түнде тек Аллаға құлшылық етуі олар үшін тиімді болмақ. Рухани, діни кітаптар оқып, діни бейнефильмдерді көруге де болады. Мұндағы басты мақсат, түнді ұйқымен емес, қандай амал болса да тек ғибадатпен өткізіп, мол сауапқа кенелу.

Қадір түнін қарсы алудың өзіндік ерекшелігі бар:

  • Құран оқу. Құранның қазақша нұсқасын оқып, ондағы жазылған аяттардың мағынасын түсінуге тырысауымыз керек.
  • Аллаға зікір айту;
  • Пайғамбарымызға (ﷺ) салауаттар жолдау;
  • Қаза намазды өтеп, нәпіл намаздар оқу;
  • «Қадір» сүресі осы түннің құрметіне түскен. Сол себепті «Қадір» сүресін және арнайы Қадір түннің нәпіл намазын оқу. Қадір түнінің намазы Құптан намазынан кейін, Үтір уәжіп намазынан соң, таң ағарғанға дейін оқылады. Қадір түнінің намазы 2 рәкаттан 12 рәкатқа дейін оқылады, намазда Фатиха және Қадір сүрелері оқылады.
  • Қадір түнінің намазынан бөлек бұл түні өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады.

Ал, осы түнгі айтылатын арнайы дұғаларға келсек:

  • (ﷺ): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Алла елшісі (ﷺ): «Алаһуммә иннәкә афуун, қаримун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, ұлысың. Кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!)», - деп дұға етуге кеңес берді (Тирмизи).
  • Ибн Масғұд (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын» (Муслим).

Алла барша мұсылманның ғибадаттарын қабыл етіп, мол сауаптан жазсын!

 

 Дариев Берік Әлсейітұлы

«Масжидур Рахман» мешітінің бас имамы, ОҚО

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары